Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Зияткерлік оқушылар жас ақынмен кездесті


12 января 2021, 08:38 | 144 просмотра



Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «NIS POETRY» клубының ұйымдастыруымен Қазақстанның жас поэттерінің құрамын толтырып жүрген Тілек Ырысбек сынды жас ақынмен "Замандастар жырлары" жобасы аясында кездесу өтті. Ұйымдастырылған кеште ел тарихына көз жүгіртіп, әр түрлі сұрақтар қойылып, викторина ойындары жүргізілді. Отансүйгіштікті жаңғырту мақсатында мақал-мәтелдерді толықтыру ойыны да болды. Тілек Ырысбек жас буынға өзінің ағалық та, ақындық та ақылдарын айтты. Қазақтың күйі шертіліп, жас ақындар өздерінің өлең шумақтарымен бөлісті.

Тілек Ырысбек пен қатысушыларға 10 мин уақыт аралығында Тәуелсізддікке байланысты өлең шумағын шығаруға тапсырма берілді. Айтылған тапсырмаға барлығы дерлік белсенді қатысып, курторлар да, оқушылар да, келген қонақ та өз шабыттарымен бөлісті. Айтып өтетін кез Тілек Ырысбек өзінің стилінің өзгеше екендігін түсіндіріп, өлең шығаруға шек жоқ деп өзінің шығармашылығының сырымен бөлісті. Жастарға болашақтың тізгінің берік ұстау үшін табиғатты аялауға шақырды. Өзінің оқыған кітаптарына шолу жасап, олардың оқуының маңызын атап өтті.

Өткізілген кеш қызықты да, өнегелі болды. Балалар жаңа таныстық құрып, өз ойларына тағы да бір ақыл тізбегін құйды.

Автор:
НЗМ баспасөз қызметі