Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әскери бөлімде командирлік дайындығы өтуде


12 января 2021, 10:14 | 1 442 просмотра



Сарыөзек гарнизонында орналасқан Десанттық-шабуылдаушы әскерлеріне қарасты 29108 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, бөлімнің бөлімше командирлерімен дайындық өтуде.

Осындай командирлік жиын әскери бөлімде жылына екі рет өткізіледі.

Бөлімше командирлерінің жиынына бөлім сержанты 2-ші сынып сержанты Шахризад Бейбітов басшылық етіп, командирлік дайындықты бөлімнің нұсқаушылары өткізуде.

Оның басты мақсаты – бөлімше командирлерінің жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудегі командирлік дағдыларын арттыру, сондай-ақ сержанттардың жауапкершілік сезімін дамыту және арттыру.

Оқу барысында бөлімше командирлері өздерінің кәсіби даярлықтарын жетілдіруге өз пікірлерін білдірді.

Командирлік дайындық сабағы соңында бөлімше командирлерінің дайындық деңгейі бағаланып, үлгерімі бойынша рейтинг шығарылатын болады.

Барлық сабақтар санитарлық-эпидемологиялық талаптарды  қатаң сақтай отырып, дәрістер санат бойынша кезең-кезеңмен бір айлық жиындық іс-шаралар әдісімен ұйымдастырылды.

Командирлік дайындық сабағы негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Ол командалық буын әскери қызметшілеріне лауазымдық міндеттерді орындау және іс-қимылдарды ұйымдастыру, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін, сабақтарды дайындау және өткізу әдістемелерін зерделеу үшін қажетті білім болып табылады.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор