Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу басталды


12 января 2021, 10:16 | 308 просмотров



Сарыөзек гарнизонында орналасқан Кербұлақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу іс-шарасы басталды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, Кербұлақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 2004 жылғы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары басталды.

Шара басында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Болат Омаров азаматтарды әскерге шақырудың негізгі міндеттері мен талаптары туралы айтып, олармен ашық сұхбаттар жүргізіп, «Ел қорғаны болу, Отанға адалдықпен, патриотық сезіммен қарау ер адамның міндеті – Отан алдындағы борышы» деп, оның маңыздылығын түсіндірді.

Аталған шара барысында тақтаға слайдтық экран орнатып, шақырушыларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жетістіктері туралы фильмдерді тамашалауға ұсынды.

Тіркеу учаскесі азаматтарды қабылдауды сапалы, әрі уақтылы орындау мақсатында комиссия әр бозбалаларды жеке-жеке қарастырып, олардың санын, алған білімін, мамандығын ескерді, отбасы жағдайын сарап, денсаулығының жарамдылығын басты назарға алды.

Аудандық орталық аурухананың мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тіркелетін ер азаматтарды медициналық тексеруден өткізіп, әскери қызметке жарамдылық санатын айқындады.

Бозбалаларды әскери есепке алу іс-шарасы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылды.

Тіркеуге алу жұмыстары 2021 жылдың 11 қаңтарынан 31 науырызына дейін жалғасады.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор