Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Шаңғы қыстық спорт түрі


13 января 2021, 06:08 | 282 просмотра



«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күнібойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұиымының дерегі бойынша адам денсаулығының тек 8-10 пайызығана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысымен байланысты екен.

Спорттың бір түрі шаңғы спорты дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлерінін бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы  және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиядалық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдылық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Шаңғы спортымен айналысу кезінде адамның барлық денемүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты  жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады.

Шаңғы спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті.1924 жылы құрамына 24 мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық шаңғы бірлестігі құрылды. Осы жылы ол алғаш рет ұйымдастырылған қысқы олимпиядалық ойындардың бағдарламасына енді.

XIX ғасырдың аяғында бүкіл елдерде өткізіле бастады.Шаңғы тебу түрлері әр елде әртүрлі болған.Норвегияда шаңғымен секіру өте жақсы дамыған,ал Японияда шаңғы тебу Австриялық жаттықтырушылардың әсерінен тау шаңғысы дамыды. 
XIX ғасыр ортасында Ресейде ұйымдастырылған спорттық жарыстар өтілді. 
1895 жылы 29 желтоқсанда Мәскеуде шаңғы тебушілердің ашылуы болды.Бұл күні біздің елімізде шаңғы тебу спорт күні болып жарияланды.

Қазақстандағы шаңғы спорты тарихы еңбекшілердің жалпыға бірдей әскери оқуының енгізілуіне (1918 жыл 22сәуір) байланысты дамыды.

Қазақстандағы спорттың дамуындағы маңызды оқиға болды. Петропавл қаласында 1934 жылы ақпанда өткен бүкіл қазақстандық қысқы жарыстар спорттық-техникалық нәтижелердің едәуір өскендігін көрсетті. 1936 жылдан бері Қазақстанның намысын қорғаушы шаңғышылар тау шаңғысынан барлық Олимпиадалық ойындарға қатынасып келді.

Қазақстан шаңғышылары 1938 жылдан бастап бүкіл одақтық, әлемдік жарыстарға қатынаса бастады. Құрамында 13 адам бар республиканың шаңғышылар құрама командасы 1938 жылы шаңғымен жүгіру жарыстары бойынша еліміздің біріншілігіне тұңғыш рет қатысып, 17 команда ішінен 11-орынға ие болды. 1945 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының шаңғы спорты кафедрасы республикамыздағы әдістемелік және спорттық жұмыстың орталығына айналды.  
Аязды таза ауада шаңғымен жүру организмді нығайтады, қалыпты, дұрыс дем алуды қалыптастырады, бұлшық еттердің бірдей дамуына көмектеседі. Шаңғымен жүру және жүгіру – күшті дамытуға, салмақты тең ұстап жүруге дағдыландырады, көзбен мөлшерлей білуге, ептілікке, табандылыққа, батылдыққа жаттықтырады.

Автор:
Мақсат Билибаев, Дене шынықтыру пән мұғалімі