Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сыбайлас жемқорлықты тоқтатыңыз!


18 января 2021, 10:25 | 193 просмотра



Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық экономикалық өсімге нұқсан келтіреді және қоғамдағы кез-келген өзгеріске қауіп төндіруі мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның демократиялық негіздерін, заңға және әділеттілікке деген сенімді бұзады, сонымен бірге қоғамдағы мемлекеттік органдарға деген теріс көзқарасты қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы өсіп келе жатқан проблемаларды елемейтін мемлекет ерте ме, кеш пе саяси және көп жағдайда экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы болып табылатындығын атап көрсетеді.

Бүгінгі таңда біздің елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі өлшемдері мен құқықтық аспектілері жасалған. Сондықтан біздің бүгінгі міндетіміз - тәртіпті нығайтуға, бюрократияны жоюға және шенеуніктер қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге күш салу.

Автор:
А.Шәріпбай, Қаратал ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі