Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: ДДСҰ атқарушы комитетінің сессиясында МСАК-тың ерекше рөлі талқыланды


19 января 2021, 08:55 | 125 просмотров



18 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының атқарушы комитетінің 148-ші сессиясы өз жұмысын онлайн форматта бастады, мұндай жиындар 2021 жылдың 26 қаңтарына дейін жалғасады. Талқылау тақырыптары қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды, оның ішінде COVID-19, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қамтиды және т.б. сондай-ақ, халықтың денсаулығын қорғау ісінде, әсіресе пандемия кезеңінде алғашқы медициналық көмектің рөліне қатысты болады.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына, оның бас директоры доктор Тедрос Адхан Гебрейюске және аймақтық директорларға әлемде жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясына қарамастан, жаһандық, аймақтық және елдік деңгейде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға жетекшілік еткені және белсенді қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. COVID-19 пандемиясы кезінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек халықты денсаулық сақтаудың негізгі қызметтерімен қамтамасыз етудің басты шараларының бірі болып қала береді», - деп атап өтті ҚР ДСМ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Гүлнар Мұханова.
Ол 2018 жылы қабылданған Астана қаласының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі декларациясы елдердің әрбір адамның қандай да бір айырмашылықсыз денсаулықтың ең жоғары қолжетімді деңгейіне ие болуына іргелі құқығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін растайтынын атап өтті.

Ол 2018 жылы қабылданған алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Астана декларациясы мемлекеттердің денсаулық сақтаудың ең жоғары стандарттарына негізделген әрі ешбір азаматтардың аталған көмекті алуда құқығын толық қамтамасыз ететінін баса айтты.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің жедел механизмі немесе МСАК-ты күшейту үшін елдерге 14 стратегиялық және операциялық жүйе ұсынатын Астана декларациясын іске асыру жоспары мүше мемлекеттермен 2020 жылғы қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында қайта қабылданды. Операция механизмі іске қосылды, онда елдер ондағы басым бағыттарды талқылап, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
«Қазақстан ағымдағы жылдың мамыр айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-сессиясының жұмысы аясында МСАК операциялық тетігін қолдау мақсатында іс-шара өткізу бастамасын көтеруде. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ДДСҰ бас директоры доктор Тедрос Гебрейесус пен ДДСҰ-ға мүше мемлекеттерден осы іс-шараны өткізу бастамасын қолдауды сұраймыз және елдерді, ұйымдарды және басқа да мүдделі серіктестерді МСАК Операциялық тетігін талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Жалпы, ДДСҰ атқарушы комитетінің күн тәртібіне Денсаулық сақтау саласындағы 20-дан астам мәселе, оның ішінде пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; инфекциялық емес аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес; онкологиялық және орфандық ауруларды тиімді емдеуге қолжетімділікті кеңейту; қоғамдық денсаулық сақтау; микробқа қарсы препараттарға төзімділік; кондицияланбаған және жалған медициналық өнімдер; иммундау; офтальмологиялық көмек; қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар, оның ішінде COVID-19 және полиомиелит; денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары; бюджеттік-қаржылық және басқа да ұйымдастыру мәселелері енген.

Анықтама: Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша МСАК ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау бойынша жұмыс жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқының қажеттіліктеріне және шетелдік практиканың озық жетістіктеріне жауап беретін МСАК-ты дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Амбулаториялық – емханалық көмектің қолжетімділігін жақсарту бойынша 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешенінің жобасы қалыптастырылуда. Ол елдің бүкіл халқын профилактикалық тексерулермен қамтуды, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын ескере отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларына сәйкес кемінде 300 жаңа МСАК объектілерін ашуды, МСАК жұмысын халықтың медициналық қызметтер көрсету жөніндегі қажеттіліктеріне бағдарлауды қамтиды. Осы шараларды іске асыру үшін МСАК-ты қаржыландыруды 60% - ға дейін ұлғайту көзделген. Бұдан басқа, МСАК дамыту шеңберінде электрондық рецептілер мен анықтамалар беру, сондай-ақ дәрілік заттарды жоспарлауды автоматтандыру көзделетін болады.