Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Балаларға базарлық


22 января 2021, 08:14 | 2 422 просмотра



Алматы  облысы  әкімі  А. Ғ.  Баталовтың  қолдауымен «Жетісу  кітапханасы» сериясы  бойынша  2018  жылы  «40 ертегі,  100 жұмбақ,  100  жаңылтпаш,  100  санамақ,  100  өтірік  өлең,  100  тақпақ»  атты  кітап  жарыққа  шықты.

Бұл  кітап  өсіп  еле  жатқан  жас  ұрпаққа  қызықты  да  әсерлі  жинақ.  500  дана  болып  шыққан  кітап  облыс  аудандарының  барлық  кітапханаларына  таратылды.  Кітаптағы  шығармалар  балабақша,  бастауыш,  орта  буын,  және  қазақ, орыс  сыныптарындағы  оқушыларына  қазақ  тілі  сабағында  сабағы  кезінде қосымша  қолдануына  болады.  Әр  бөлімнен  шығармаларды  балалардың  жас  мөлшеріне  сай  лайықты  таңдап  алуға   арналған.  Жаңа  туынды  оқушылардың  қызығушылығын  арттырып  қана  қоймай,  күнделікті  өмірде  тәрбиелік  бағытты  ұстануға  септігін  тигізеді.

«40  ертегі,  100  тақпақ,  100  жұмбақ, 100  жаңылтпаш,  100  санамақ,  100  тақпақ»  кітабым  6  бөлімнен  тұрады.  Мазмұнына  сай  түрлі-түсті  суреттері  бар.

«40  ертегі»   бөлімінде  40  ертегінің  әрқайсысы  бір-біріне  ұқсамайтын  мағынасы  болса  да  бір  бағыттағы  өзіндік  тәрбиелік   мәні  бар. Ондағы  адамдар ,  табиғат, аңдар,  құстар,  өсімдіктер   бейнесі  арқылы  күнделікті  өмірдегі  тыныс-тіршіліктің  ағымы  көрсетілген.  Балабақша,  бастауыш, орта  буын  оқушыларына   ертегіні  таңдауы  бойынша  рөлге  ойнатып,  жүзеге  асыруға  да  болады.   Кейіпкерлердің  іс-әрекеттері  арқылы  жақсы  мен  жаманды  ажыратуға  ой  қалыптастырады

«100  Жұмбақ»  оқушыларды  жылдам  әрі  қатесіз   жауабын  табу  үшін  баулиды.  Жұмбақтардың  жауабын  жасырын  түрде  айтып,  оның  сырт  бейнесін  сипаттау  арқылы  дұрыс  жауабын  табуға  үйретеді.

«100  Жаңылтпаш»  оқушылардың  оқып  тыңдауы  арқылы  әр  сөздегі  дыбыстарды  дұрыс  айтқызуға  үйретеді. Әсіресе  өзге  ұлт  өкілдерінің  қазақ  тіліне  тән  дыбыстарын  қатесіз  айтып,  есте  сақтау  арқылы  үйренуіне  септігін  тигізеді.

«100  Өтірік  өлең»  өмірдегі  болмаған  қиял-ғажайыпты  түсіндіріп,  оқушыларға  оқыту  арқылы   қызықты  ой  қалдырады.  Жалқы  мен  жалпы  есімдердің  сөз  таптарымен  байланысқан  шағын  шумақтар.  Сабақ  кезінде  қолданып,   балаларға    сергіту   сәтінде  айтқызуға  болады.

«100  Санамақ»  бөлімінде   сан  есімнің  кейбір  сөз  таптарымен  байланысуы  арқылы  оқушыларға   бірлік, ондықтарды   санауға  үйретеді.  Шумақтарды  ойын  ретінде  қолданып,  қатесіз  айтумен  математикаға  қызығушылықтарын  арттыруға,  болады.  Сөзбен  жазылған  сандарды  ойша есептеу  арқылы,  логикалық  ойлау  қабілетін   дамытуға  септігін  тигізеді.

«100  Тақпақ»  бөлімінде  «100  тақпақ»,   «Отан»,  «Мектеп»,  «Өнеге  білім»,  «Достық»,  «Бау-бағым»,  «Мамандық», «Менің  жанұям»,  «Төрт  түлік  және  үй  құстары»,  «Астана»,  «Жол  ережесі», «Табиғат»  тақырыптары  бойынша  жазылған.  Әр  бөлімдегі  тақпақ  мазмұны  бір-біріне  ұқсамайды.  Тақпақтартың  көлемі  шағын  төрт  жолдан  тұрады. Қысқа,  әрі  жеңіл  айтылуымен  шумақтарды,  жаттауға  болады.  Әр  тақырыбына  сай  оқушыларға  шумақтарды  жаттатып,  өзінің  келекшектегі  мақсатына  жетуіне  өй  түйеді.

Облыстық  білім  басқарамасының  ұйымдастыруымен   осы  кітап  бойынша  метод  кабинетінде   облыс,  аудан  педагогтарының  қатысуымен  онлайн  кездесу  өтті.  Ұстаздарға  слайд  арқылы   кітаптың  жалпы  мағынасы түсіндіріліп,   таныстырылым  жүргізілді.  Кітапты   интернет  желісі  арқылы «Қазақ  Ұлттық,  Электронды  Кітапханасы»   арқылы  оқып,  тегін  көшіріп  алуға  да   мүмкіндіктің  бар  екендігі  айтылды.  Қала,  аудан   ұстаздары   кітап  бойынша   сұрақтар  қойып   жауап  берілді.

Осы  кітап  бойынша  аудан  ұстаздарымен  кері  байланыс  жүргізіліп,  тәрбиелік  бағыт  бойынша   оқушыларға  оң  пайдасын  тигізіп,  жақсы  ой  қалыптастыруға   бағдар  беретін  оқулық  ретінде   деп  танылды. Осы  кітаптың  әлі  де  әрі  қарай  жалғасын  тауып,  ұзтаздардың, оқушылардың  қолдануымен  тығыз  байланыс  жүргізе  отырып,  оқушылардың  сүйікті  кітабы  болуына  үміт  артамыз.

Автор:
Айман Кәріпбаева, Шестаков атындағы орта мектебінің ұстазы. Қарабұлақ ауылы, Ескелді ауданы, Алматы облысы