Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Шылым шегу кезіндегі абайсыздық – өрттің пайда болуы


25 января 2021, 08:39 | 175 просмотров



Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі хабарлайды, өрттің бірінші себебі адамдардың мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздығы болып табылады. Темекі шегу кезіндегі ұқыпсыздық үшін жаза тез келеді. Шылым шегушілердің негізгі қауымы рұқсат етілмеген жерде темекі шегу, сөнбеген темекіні тастау – белгілі бір уақыттан кейін тұрғын үйлерде жанатын заттар мен материалдардың тұтануына әкеп соқтыратын баяу әрекетті бомба екеніне есеп бермейді.

Спиртті ішімдік пен шылым өзара байланысты: ішкен адам әдеттегідей, шылым шегеді. Ал адамның мас күйіндегі жағдайы оның үйлесімділігін бұзады, ілтипаттылығын және жауапкершілік сезімін мұқалтады. Сөнбеген темекі бықсыған кезінде ағаш құрылымдардың, төсек жабдықтарының жануына әкеп соқтырады, өртте шылым шегушілер ғана емес, басқа адамдар да күрделі жарақат алып өліп кетуі мүмкін. Мас күйінде темекі шегу себебінен болған өрт, өрттің шығу себептерінің бірі деп айтуға болады, себебі мұндай жағдайда адамдар көбінесе тұншықтырғыш иісті газдан қаза табады. Оған қоса, өрттің бұл түрі алдын алу мүмкін еместігімен қауіпті болады. Мұның бәрі адамдардың сана-сезіміне байланысты. Өкінішке орай, шылым шегушілер өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға немқұрайлы қарайды, сонда көбінесе олардың бейқамдылығының құны – өздерінің өмірі. Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім аудан тұрғындарына мас күйіндегі шылым шегуімен байланысты жазатайым жағдайларды болдырмауға тек қана саналылық көмектесетінін ескертеді.

Өртке абай болыңыздар, Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.

Автор:
Жасұлан Қасенов, Көксу ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны