Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Арда азаматтың үлгілі ісі


28 января 2021, 09:47 | 756 просмотров



«Азаматына қарап, ауылын таны» деген тәмсіл бар. Нақылдың мәні туған жерін сүйетін азамат азғантай болса да сол ауылдың гүлденуіне атсалысады. Мәселе көшеге асфальт төсеу немесе зәулім-зәулім ғимарат тұрғызып беруде емес, сол ауылдың тұрғынына қолдан келгенмен көмек беру де патриоттықтың бір парасы. «Nur Otan» партиясының өкілдері жер-жерде қайырымдылық жасаудан кенде қалып жатқан жоқ. Мәселен, Райымбек аудандық мәслихаттың депутаты Н.Шымырбаев жуырда ғана Нарынқол ауылындағы көп балалы ананың шаңырағында болып, жалпы құны 100 мың теңгеге азық-түлік, қатты отын жеткізіп берді.
Жуырда «Халыққа көмек» республикалық акция аясында «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалына Нарынқол ауылының тұрғынын, көп балалы ана Айдана Мұқан қоңырау шалып, отбасында азық-түлік таусылып, қысқы отыннан әбігерленіп отырғанын айтқан. Партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Г.Арипова шешімді жолдарды қарастырып, аудандық мәслихат депутаты Н.Шымырбаевпен байланысады. Көп балалы ананың жайын айтқанда халық қалаулысы қамсыз қалмайтынын айтып, мәселені шешуге тырысатынын баяндайды. Артынша атпал азамат алтын құрсақты ананың үйіне жол салып, дорба-дорба азық-түлік пен қыстан қамсыз шығуы үшін көмір түсіріп берді.
Атпал азаматтың мұндай қайырымдылығына көп балалы ана алғаусыз алғысын білдіріп, ризашылығын білдірді. Батасын беріп, халықтың дәйім алғысын иемденуіне тілеулестік танытты.