Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әскери бөлімде тәрбиеші офицерлерінің оқу-әдістемелік жиыны өтті


29 января 2021, 06:37 | 1 162 просмотра



Сарыөзек гарнизонының әскери бөлімдерінің 2021 жылғы кешендік жоспарына сәйкес, 12740 әскери бөлімінің базасында батальон, рота командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары және бөлімнің психолог мамандарының қатысуымен екі күндік оқу-әдістемелік жиыны өтті.

Тәрбиеші офицерлерінің жиынына бөлім командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары басшылық етіп, әдістемелік-нұсқаулық сабақтарын бөлімнің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі басқармасы офицерлері өткізді.

Жиын саптық байқаудан басталды. Жиынға қатысушы тәрбиеші офицерлері мен психолог мамандары шараның алғашқы күнін басшылық құжаттарды білу бойынша сынақ тапсырудан бастады.

Сынақтама қабылдағаннан кейін әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаевтың қазақстан халқына Жолдауын талқылаудан бастауды жөн көріп, құжаттың әрбір бағытын жан-жақты таразылап, салмақтады.

Шара барысында өскелең ұрпақты және әскери қызметшілерді жаңа қазақстандық патриотизм әлеуетінде тәрбиелеу бойынша тәрбиеші офицерлердің кәсіби даярлық деңгейлерін жоғарлату және әскердегі идеологиялық жұмыстардың дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру тәрізді бірқатар мәселелер де қаралды.

«Біздің мақсатымыз жеке құрамды оқу-жауынгерлік тапсырмаларын сапалы орындау, өскелең ұрпақты жоғары патриоттық рухта тәрбиелеу» - деді батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант Сәкен Мухамедияров.

Жиын соңында тәрбиеші офицерлер кәсіби білімді меңгеру деңгейін бекітіп, атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырды.

Әскери қызметшілер оқу-әдістемелік жиын барысында көргені мен түйгенін жеке құраммен тәрбие жұмысы кезінде ұтымды қолданатын болады.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор