Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Құрметті оқырмандар, Құрметті мекеме басшылары!


28 января 2011, 07:59 | 2 603 просмотра


Өздеріңіздің төл басылымдарыңыз - «Білім шапағаты» газетінің басты мақсаты - мұғалімдердің арасында өзара байланыс орнату, олардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін ашу, дамыту, оларға деген қоғам, билік назарын аудару, көпшілік құрметін қалыптастыру, еселі еңбектерін, жемісті жетістіктерін барынша насихаттау болып табылатынын жақсы білесіздер.

Сіз басқарып отырған ұжымда да еңбе-гімен әріптестеріне үлгі, елге сыйлы, шәкірттеріне өнегелі бола білген ұстаздардың көп екенін жақсы білеміз. Сондықтан «Білім шапағаты» газеті осындай озық тәжірибелі ұстаздың еңбегін насихаттау, педагогика саласында ұзақ жылдар қызмет етіп енді зейнеткерлікке шығатын ардагер ұстаздарды міндетті түрде, сондай-ақ, жас та болса, жаңашылдығымен көзге түскен жас мұғалімдердің қызметін көпшілік назарына ұсынуды темірқазық етіп отыр. Осындай озық ойлы ұстаздар жайлы, олардың туған күні мен зейнеткерлікке шыққан күніне арнайы құттықтаулар мен еңбектерін паш ететіндей тартымды мақалалар ұйымдастырып, газетімізге берулеріңізді өтінеміз. Бізге жіберген мақала, құттықтауларыңыз кезеңмен жарық көретініне кепілдік береміз. Және де, осы арқылы Сіз бен біз ұстаздардың әлеу-

етін арттыруға тамшыдай болса үлес қосамыз деп сенеміз. Ақжолтай ниетімізді қолдағаныңыз үшін Сізге алдын ала алғыс білдіреміз.

Автор:
Құрметпен, «Білім шапағаты» газетінің Бас редакторы Ерғазы Манапұлы