Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жақсының жақсылығын айт...


28 января 2011, 07:51 | 2 245 просмотров



Роза тәтені журналист ретінде бұрын да білетінмін. Әр алуан қоғамдық – саяси шараларда белсеніп сөз сөйлеп, елдік мүдде тұрғысында көкейге қонарлық ой-пікірлер айтқанын да талай рет көргенмін.

Осы ауылдас апайымның жазушылық шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін өткен жылы анық аңғардым. Әкем Әділшайықтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Орбұлақтың өр ұлы» атты жинақты аз уақыттың ішінде-ақ әдеби тұрғыда өңдеп, баспадан кітап болып шығуын ұтқырлықпен ұйымдастыра білді. Жерлес журналист-жазушы апайымның 50 жылдық мерейтойы туралы естігенімде мен ол кісі туралы осындай жақсы пікірімді жария етуді жөнкөрдім. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» деген емес пе?! Апайымыздың алдағы уақытта да қаламы жүрдек, шығармашылығы шабытты бола берсін!

Сендей өжет қыз керек

Қайнайды өмір, арасында жер-көктің,

Сол өмірге өң берем деп тер төктің.

Ел намысын төбесіне көтерген,

Кім білмейді Розасын Жаркенттің!

Іздегенмен біреу атақ, біреу бақ,

Жақсылар бар, жаны таза, тілеуі ақ.

Менің елім – кіші Жетісуымда,

Роза көп, Роза Ыстай біреу-ақ.

Басын имей өктемдіктің біріне,

Мың күйініп, мың толғанар күніне.

Тоңмойын мен тоғышардың жүрегін,

Тіліп түсер қаламы да, тілі де.

Қапқан кезде қасіреттің қақпаны,

Көзден ұшар әділеттің ақ таңы.

Ел толқыны өтпелі сол кезеңде,

Азаттық боп, ақиқатты жоқтады!

Желтоқсанда көкті бұлт торлаған,

Көп «жақсылар» үн шығара алмаған.

Розамыз еш қауіптен жасқанбай,

Тәуелсіздік құрбандарын қорғаған.

Қорғансыздың қорғаймын деп намысын,

«Жас Алаштан» жарқын шықты дауысың.

Қаламыңмен қасиеттеп келесің,

Қазағыңның асылы мен арысын.

Көп күштімен тілің үшін тірестің,

Дінсіздермен дінің үшін күрестің.

Қалың жұрттың ортасында қайнаған,

Сен жүресің, жоқ дей алмас мұны ешкім.

Ақын – бұлбұл, қалын елің – орманың,

Сол орманнан өсіп шығар мол дарын.

«Аққұс» пенен «Атамұра» ұйымын,

Басқарумен шын өнерді қолдадың...

Қалқам, мәңгі елдің жоғын іздеп өт,

Жоғалмайды хатқа түскен із, дерек.

Ұлдар көп қой ұлағатты... дегенмен,

Бүгін елге сендей өжет қыз керек!

Ислам-Ғали ҮРКІМБАЙҰЛЫ

Автор:
Талғат ЫБРАЙМОЛДАЕВ,Жаркент қаласы.