Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Антонимдер


28 января 2011, 07:50 | 2 850 просмотров



Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Сөйлем ішінен антоним сөздерді таба білуге, өз ойларынан мысал келтіре білуге үйрету.

2. Тәрбиелік: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.

3. Дамытушылық: Оқушының білім мен танымын кеңейту, тез қабылдауына жол ашу, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

4. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау жинақтау, деңгейлік тапсырмалар.

5. Көрнекілігі: Үлестірме карточкалар, кесте сызбалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі, а) сәлемдесу, ә) оқу-құралдарын түгендеу, б) оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.

3. Жаңа сабақ өту, бекіту.

Балалар, мына Абай аталарыңның өлең шумағын тыңдайық, мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер бар ма?

Жылы менен суықтың бәрін көріп,

Қайран көңіл қайыспай қайрат кетті.

Балалар, осы өлең жолдарындағы жылы-суық сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер, қандай сұраққа жауап береді? Қай сөз табына жатады? (Бұл сөздердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы, қандай? сұрағына жауап береді.Сын есім) Осыған байланысты бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Антонимдер»

4. Оқулықпен жұмыс

89-жаттығу Мәтінді көшіріп жазып, антонимдерді табу.

Әсем – көріксіз, тез-жай, шебер – жал-

қау, зор –кіші

1.«Кім жылдам?» ойыны

Әр топ антоним сөздердің сыңарын ойлап табады.

І топ ІІ топ

Ақ кіші

Терең суық

2.Тақтамен жұмыс

І топ сөйлем талдау.

Күз келді. Жапырақтар алтындай жарқырайды. Сабақ ерте басталды. Қанат әнді шырқатты. (Сөз табына қарай талдау)

ІІ топ.

Орны ауысқан әріптерден лексикалық мағынасы бар сөздер құрайды.

Жалқау –жол , қал ,ау, жау, ала, жалау.

Пысық –

3.Бүгінгі сабағымызды тірек сызбасы бойынша қорыту, ережені өздеріне шығарту

Түйін: Үйге тапсырма беру. (93-жаттығу)

Азимжанова Жанаткүл

Жұмағұлқызы:

Туған жылы: 12.12.1958ж

Білімі: Жоғары Абай атындағы педагогикалық университеті

Еңбек өтілі: 32 ж

Санаты: 14

Қазіргі қызметі: Ақжар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Автор:
Ж.Ж.АЗИМЖАНОВА, Ақжар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Кербұлақ ауданы