10 февраля 2021, 04:52 | 857 просмотров
Сайлаубай Бәзіловке!
Туыпсыз, Саке, ақпанда,
Малдар төлдеп жатқанда.
Куәсі боп - сайлаудың,
Арайлап ақ таң атқанда.
Бесігін еңбек - тербеттің,
Білімді болып - ержеттің.
Ұстаз болып ұзақ жыл,
Біздерді талай - терлеттің.
Тұғырлы таққа қондыңыз,
Төрден болды орныңыз.
Билік айтып шендіге,
Би - болыстай болдыңыз.
Түлегісіз - Шағанның,
Түр - келбетте бар айбын.
Құтты болсын, Жетпіс бес!
Қуанышты бөлісіп,
Демеуге де даярмын!!!