Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білім мен тәрбие – егіз ұғым


28 января 2011, 07:44 | 6 999 просмотров


«Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа жасалған қиянат» - деген екен ұлы философ Әль-Фараби. Не деген ғұламалық, данышпандық. Әр ұстаз бала білімі мен тәрбиесін тізгініне алға осылайша ойлау керек. Оқыта отырып, тәрбиелеу қажет. Бала ұстазды үлгі етеді. Неге десеңіз, ұстаз есіктен кіргеннен бастап оқушының назарында. Оның жүрісі, тұрысы, киген киімі, сөйлеген сөзі, қайтарған жауабы, іс-қимылы, яғни бәрі-бәрі оқушыға үлгі. Мінекей, енді жаман, білімсіз, тәртіпсіз, дөрекі, біліксіз шәкірт қайдан шығады? Ойлана беріңіз. Жоқ. Мен барлық ұстаз қауымын қаралағым келмейді. Бірақ дөрекілік көрсететін, біліксіздік танытатын, білімі жеткіліксіз, адамдық қасиеттері орташа, (несін жасырайық), жақшаға алынған «ұстаздарымыз» бар. Оны біздер айтпасақ, оны жазбасақ кім айтады?! «Ауруын жасырған - өледі», демекші өлгенше сол дертпен сауығуға тырысайық, сол «жақсы» жақтарымыздан арылайық. 70-80 % уақытын бала мектеп қабырғасына арнайды, ал қалған уақытын ол үйінде, ата-анасының қарамағында болады. сол уақытта ол көбінесе еңбек тәрбиесін физикалық тұрғыдан алады. Ал мектепте оның жан дүниесі рухани байлық алу керек емес пе? Білім нәрімен сусындалып, білім мен парасат шапағатына бөлену керек емес пе? Иә, келісемін. Әр-түрлі ұйымдастырушылық кезеңдері кедергі жасайды. Сонда да, сынып жетекшісіз бе, сізден бірден бір жауапкершілік сұралады. Тәрбие сағаттары бірінші және маңызды орында болуы керек. бұл сағат балаларға ауадай қажет. Қазіргі заманауй әуендер, теледидар, баспасөз барлығын дүрыс, жағымды, жағымсыз екендігін жүйелейтін, бағыттайтын ол сіз бен біз, яғни ұстаздар қауымы. Ал қазіргі заманда ата-анаға жауапкершілік арту, яғни рухани байыту жағынан, бос әурешілік. Заңда белгіленген ата-ана міндеттерін орындайтын, толық орындамайтын ата-аналар жеткілікті. Сондықтан ел болашағын ойласақ ертеңгі болашақ иелерінің тәрбиесін ойлайық, түзетейік.

Данышпан Ы. Алтынсарин айтқандай, «Шамнан шырақ жағылар» демекші, сол шамды бала жүрегінде жағып, оны шырақ етіп лаулату біздің қолымызда екеніне сенемін.

Автор:
Г.С.УМУРЗАҚОВА, Ж.Бусаков атындағы орта мектеп Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі, Шолақай ауылы, Панфилов ауданы.