Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сақтардың мәдениеті


28 января 2011, 07:43 | 5 424 просмотра



Cабақтың мақсаты: 1. Білімділік.

Сақ мәдениетінің дамуына қолайлы жағдай жасаған тарихи жағдайлар, әр түрлі елдер мен халықтардың өзара мәдени байланысы нәтижесінде қалыптасқан әлемдік мәдениеттің даму үрдісіндегі сақ мәдени мұраларының өзіндік орны туралы білім беру.

2. Оқушылардың ойлай білу, дәлелдей білу, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында сақ мәдениетінің аса маңызды жетістіктерімен таныстыру, мәдени мұраларын сақтай білуге тәрбиелеу.

Cабақтың түрі: Ұжымдық

Сабақтың типі: Аралас

Cабақтың көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, слайд.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмаларын тексеру.

1.« Тәуелсіздік « деген сөзді қалай түсіндіруге болады?

2.Парсы патшасы Кирдің сақ жеріне жорығы немен аяқталды?

3.Шырақтың ерлігі туралы не айтуға болады?

4.А. Македонскийдің сақ еліне жорығы қалай аяқталды?

Үй тапсырмасын бекіту үшін « Тарих шашуы « деп аталатын жұмбақты шешу.

ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ ТАПСЫРМА.

I қатар II қатар III қатар

Б.З.Б СКУНХА СКУНХА ПАРСЫ ПАТШАСЫ

530ж Б.З.Б 519ж Б.З.Б 570-520 жж

ЖАҢА САБАҚ.

1.Сақтардың мәдени мұралары

2.Аң стилі

3.Бесшатыр қорымы

4.«Алтын киімді адам»

А) Интерактивті тақтадан. Шірік - Рабат қаласы көрсетіледі.( талдау )

Ә) Интерактивті тақтадан. Бәбіш молда қаласы көрсетіледі

Б) «Аң стилі» Б.З.Б 7ғ. бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу- аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы- аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аңдық стилі» өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар,құрбандық заттары, қару жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.

Интерактивті тақта арқылы көрсету.

Бесшатыр қорымы - сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Қорым Б.З.Б VI-V ғ. салынған. 31 оба бар. 18 оба қазылып зерттелген. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа,кіші обалар. Инт-ті тақта арқылы көрсетіп, түсіндіру.( менгирлер)

ГЕРОДОТ

МАКЕДОНИЯ ПАТШАСЫ

«Алтын киімді адам». Интерактивті тақта арқылы көрсетіп,талдау.

Алтын адам- Есік обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгері.алтын адам киімі 4000 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс,бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «аң стилімен» жасалған. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Алтын адамдағы тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді. Алматы қаласының Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінде Алтын адам бейнеленген.

Есік қорғанынан табылған таңбалы күміс тостаған. Тостағандағы 26 таңбадан тұратын жазу біздің арғы ата- бабаларымыздың өркениетінің ертеде қалыптасқанын әлем жұртшылығына танытты.

ЖАҢА СӨЗДЕР: саркофаг, дромос,менгирлер.

САРКОФАГ-сақтар адамды жерлегенде бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып, табыт жасаған. Онда өлген адамдарды жатқызған.

ДРОМОС- Обаның іргесінен сағанаға жер астымен келетін арнайы жол.

МЕНГИРЛЕР- Тас дуалдардың жанына орнатылған ірі тас бағандар.

САБАҚТЫ БЕКІТУ: Археологияға саяхат жаса.

1.Ірі сауда және қолөнер орталығы.

2.«Алтын адам» табылған жер.

3.Ежелгі халықтардың өлген адамды жерлеген қабірі, топырақ үйіндісі.

4.«Алтын адамды»тапқан археолог- ғалым.

5.Тас дуалдың жанына орнатылған ірі тас бағандар.

6.Күзет мұнаралары бар ішкі қамал.

7.Бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасалатын, өлген адамды жатқызатын табыт.

8.Іле өзенінің оң жағалауында орналас-қан сақ дәуіріне жататын қорым.

9.Алтыннан, күмістен және т.б металдардан жасалатын, киімге жапсырылатын зергерлік бұйым.

ГЕРОДОТ

ГРЕК МАКЕДОН БАСҚЫНШЫЛАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗГЕН

ЖҰППЕН ЖҰМЫС (ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР).

1.Есік обасынан табылған күміс тостақандағы таңбалардың саны.

А) 26 таңба Ә) 28 таңба Б) 27 таңба

2.« Алтын адам » қай дәуірдің қайталанбас жәдігері.

А) қола дәуірі Ә) темір дәуірі Б) энеолит дәуірі

3.« Аң стилі » қай ғасырда пайла болды?

А) Б.З.Б 5 ғасыр Ә) Б.З.Б 6 ғасыр Б) Б.З.Б 7 ғасыр

САБАҚТЫ БАҒАЛАУ: ҮЙГЕ § 15, қосымша деректермен жұмыс.

Онғаров Алматай Ерметайұлы:

Туған жылы: 1956

Білімі: Жоғары, ҚАЗМУ

Мамандығы: Тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы

Санаты: Жоғары

Еңбек өтілі: 33 жыл

Қазір қай пәннен сабақ береді: Тарих пәнінен жоғарғы сыеыптарға,

Қызметі: Мектеп директоры

Автор:
А.Е.ОНҒАРОВ, №15 мектеп директоры, Талдықорған қаласы.