Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Арал теңізі неге тартылды?


12 февраля 2021, 05:17 | 6 213 просмотров



Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

 

Бөлім: 6-бөлім:

Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер.   Морфология

№ 14 орта мектеп-гимназиясы

 

Педагогтің аты-жөні

Игисинова Жанар  Майлыбайқызы

 Күні:

01.02.21

 Сынып:  6 Б

 Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Арал теңізі неге тартылды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;

Бағалау критерийі

Ұсынылған тақырып бойынша  деректер жинақтайды.

Алынған деректерді графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру 

кезеңі

3- минут

«Ой шақыру»

1-тапсырма

1.Қазақстанда

қандай  теңіздер бар?

2. Арал теңізі Қазақстанның қай аймағында?

3. Арал теңізі туралы не білесің?

Берілген сұрақтарға жауап береді. ҚР ның картасынан Арал тенізі орналасқан аймақты табады.
 

«Чек  лист» парағын ұсыну



«Чек  лист» парағы.

Слайд, карта

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс

7 минут

2-тапсырма . Топтық жұмыс.

«Бір минуттық әңгіме» топтық талқылау жұмысы

Берілген мәтіндердің  ішінен тақырыпқа сай деректерді жинақтайды, топта талқылайды.

Графиктік мәтін түрлеріне  түсініктеме береді.

1-топ: Арал экологиясы

Арал теңізінің экологиясы

       Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл бедеріндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Ауыл шаруашылығының  егіншілік салалары дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. 1961 жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа деңгейі 53 мың м³,   1962 жылы 44 мың м³, 1963 жылы 42 мың м³,  1965 жылы 40 мың м³, болған. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су  деңгейінің азаюына, оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Солтүстік Арал теңізі болып аталады (1992 ж.).  

2-топ: Арал теңізінің флорасы мен фаунасы.

       Сырдарияның төменгі ағысында «Сыр» деп аталып жүрген атыраулық бөлігіндегі өзен-көлдері мен олардың төңірегінде жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Соңғы жылдары өлкеде өршіген экологиялық тоқыраудан олардың тіршілік ететін ортасы, экологиялық  құлдырауы себебінен хайуанаттардың көпшілік түрлері құрып кетудің алдында тұр. Жан-жануарлардың  саны өте азайып, анда-санда біреу-екеуі ғана кездесетіндей күйде қалды.  Бұрын Арал теңізі толық және Сырдарияның атыраулық бөлігінде көлдердің саны екі мыңнан артық кезде мұнда су тіршілігіне тікелей байланысты құстардың түрлері де, саны да көп болды.

Өңірде құстардың 319 түрі, олардың 173-і ұя салатындар мен 123-і ұшып өтетіндер және сирек келетін құстардың 23 түрлері болған .  Әсіресе, Арал теңізі мен теңіз жағалауындағы көлдерді мекендейтін қаз, аққу, үйрек, бірқазан, қарабай, құтан,  шағала тағы басқа түрлері көп еді. Қазір теңіз жағалауындағы құстардың түрлік саны 170-ке, ал ұя салатындардың түрлік саны 68-ге дейін кемігені белгілі болып отыр. Олар да Сыр өңірінде тұрақтамай ұшып өтетіндер қатарында болып тұр.

 

3-топ Арал апатына себеп болған факторлар.

Арал апатына себеп болған факторлар:

Жергілікті жердің табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;жерді  және суды үнемді пайдаланбау;

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда.

Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60%, Қазақстанда – 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде.

 

Дескриптор:

Мәтінді оқиды, топта талқылайды.

Графиктік мәтін түрін өздері таңдайды.

 

Дескриптор:

-берілген мәтінді түсініп оқиды;

-мәтіннен қажетті деректерді жинақтайды;

-деректерді топта талқылайды.

-график түрін таңдайды.



Мәтін, слайд

Жеке жұмыс

15 минут

3-тапсырма

Топта талқыланған деректерді  графиктік мәтін түрінде құрастыр.

Топта талқыланған деректерді графиктік мәтінге салады.

Дескриптор:

Графиктік мәтін құрастырады.

Оқушы дәптері.

Кері байланыс

5        минут

 «СМС жазу»

1.Мен үшін құнды болды...

2.Себебі....

3.Келесі сабақта   ........ талдасақ екен.

 Джамборд тақсатына кері байланыс жазады

 

Джамборд тақтасы

Үй тапсырмасы

Эссе  жазу:  «Арал – кеше және бүгін»

 

 

 

 

Автор:
Жанар Игисинова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, № 14 орта мектеп- гимназиясының, Талдықорған қаласы