Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мектепке дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту


28 января 2011, 07:42 | 4 756 просмотров



Ұлы педагог Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз ойсыз толық мәнінде ақыл-ой тәрбиесі болмайды» деп санайды.

Демек мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға, білімге деген ынтасын мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оларды оқу үрдесінде үздіксіз дамыту сабақта алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін қолданудың орны ерекше. Тиімді қолданған ойын түрлері ұстаздың түсіндірген материалын баланың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.

Ойын - қабілеті шектелген балалар үшін оқу да, еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын- айналадағы дүниетанымын, ауыз екі сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін, ой-өрісін, тіл дамуын жетілдіреді. Оқу деңгейі төмен балалардың өздері-

де ойынға қатысып, сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі. Ойын баланын психикасына әсер етіп, сапалы өзгерістер туғызады.Ойын түрінде ұйымдастырылған сабақ біздің балаларға жеңіл, әрі тартымды, әрі түсінікті болады.Ойын-оқу үрдісндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойын ұстазбен баланың бірлескен оқу әректінің өзара байланысы.Мектеп жасына дейіңгі балардың негізгі әрекеті ойын, сондықтан оқу-тәрбие үрдесінін негізін ойын түрінде ұйымдастыру қажет. Ол сабақ үлгілерін дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыруға болады. Сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындардың балалар үшін маңызы зор. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді, және де нақты міндетті шешеді. Қабілеті шектелген балармен бағдарламада қарастырылған білімдерді — дамытамыз, толықтырамыз., қалыпына келтіреміз, дағдыландырамыз (мақсаты). Баланың қызушылығын оятамыз, белсеңділігін арттырамыз, зейінін тұрақтыландырамыз. ( міндеті) Яғни дидактикалық ойындар- балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Сабақтың басында(өткен сабақты еске түсіруде). Сабақтың ортасында (көңіл күйін сергітуде, ерік жігерін дамытуда, сабаққа ынтасын арттыруда). Сабақтың соңында(тақырыпты бекітуде, сабақта алған білімді пысықтауда, жинақтауда мақсатын көздейді). Ойын түрлерін қарастырып алғанда, баланың білім деңгейіне, ойлау қабылетіне, естеу сақтау қабілетіне, сөздік қорына сай таңдап алған жөн. Жас ерекшеліктеріне қарай сабақтын мазмұны мен тақырыбына қарай күрделену керек. Мысалы 2-3 жасар, ақыл-ойы кем балалармен қарапаиым ойын түрлерін ойнатсақ 5-6-7 жасар, ақыл- ойы дұрыс қалыптасқан балалардың жас ерекшелігіне сай күрделендіріп өткізген жөн.

Ойынды математика дағдыларын қалыптастыру сабағында қолданана отырып балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде балалардын сабақта қаншалықты білім меңгергенің анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдесінін қалай оқуға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Соңда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікке болып тәңдік білім білік және дағдыны игеруге толық ықпалы жасайды. Мысалы, сан санауға, заттарды санап, және олардың екі тобын салыстыруға, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орнын тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шыршаны безендіру» ойындарын ойнатуға болады. Мысалы, математика дағдыларың қалыптастыру сабағында балалардың ой өрісін дамытамын «Не құрауға болады?» ойыны. Бұл ойынның басты мақсаты ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін, жалпы, ұсақ маторикасын дамыту. Геометриалық денелерден бағдаршам, аққала, шырша, үй жүк таситын машина құрауға болады. Заттардың түсін, көлемін атап айтуға болады. «Санамақ» ойыны атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға атты ұқсас заттарды танып біледі, қол ептілігін жетілдіреді, сөздік қорын молайтады.

Оқушылардың ой белсеңділігін, саналы ойлана білун дамыту, жетілдіру – ұстаздың, яғни біздің негізгі міндетіміз.

Ойын баланың ойлау қабілетін мен сөздік қорын дамытуға түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге, қиындылықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланың жақсы өз дәрежесінде меңгеруге әкеледі. Әріптермен, дыбыстармен танысу барысында баларармен бірнеше ойлау қабілетін дамыту ойындарын ұйымдастыруға болады. Мысалы; «Сөз ойла, тез ойла», «Балықшы», Сөйлемді жалғастыр, «Жоғалғын боғынды тап», «Кім тапқыр?», «Кім көп біледі?».

Ойын сабақтары балаларды өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Сабақта қолданатын ойын түрлері кең «Кім жылдам», «Кім көп біледі», «Не өзгерді?», «Почта», «Үндемес», «Бәйге», «Көкпар», «Қоржын», «Орамал тастау», «Жалғасын тап», «Сыңарың тап», «Мен саған сен маған». Ойын кезінде мыналар ескеріледі: жоспарлау, дайындау, іске асыру, ойын шартының дұрыстығын бақылау. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, ізгілікке, қайырымдылыққа әдептілікке тәрбиелеуге болады.

Я.А. Каменский: «Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі» - деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен – ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда, ойлау қабілетін дамытуда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады. Ойынның нәтижесінде, Баланың бойында: ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, белсенділік, ұйымдатырушылық қасиеті қалыптастырылады.

Автор:
Ж.Ж.ТУРКЕБАЕВА, Талдықорған қаласындағы саңырау және нашар еститін балаларға арналған арнаулы мектеп – интернат Сурдопедагогі