Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Елбасының Жолдауы»


28 января 2011, 07:41 | 2 042 просмотра


Сабақтың мақсаты: 1. Баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу (ДК).Білім,білік қалыптастыруда оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,оқушылардың іс-әрекеті арқылы ойлау қабілетін, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету барысында тақырыпты меңгерту.

2. Тілдің коммуникативтік қызметін, жаңа технологияларды пайдалану арқылы пәнге қызығушылығы мен ынтасын, шығармашылығын дамыту.

3. Табиғатты қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау арқылы жеке тұлға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа білім хабарлау.

Сабақтың типі: ауызша, жазбаша білім беру, іскерлік пен дағдыны жетілдіру панорамалық сабағы.

Сабақтың әдістері: Іскерлік технология әдісі (түсініп оқу, сұрақ-жауап, баяндау, талдау-жинақтау); оқыта үйрету ойын әдісі (сөзжұмбақ), тірек сызбамен оқыту әдісі, жаңа технологиямен оқыту әдісі (ДК, интерактивті тақта).

Көрнекіліктер: слайдтар, өзіндік жұмыс парақтары (тест), сөзжұмбақ.

Техникалық құрал: дербес компьютер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану.

Пәнішілік байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

- Бәріңізге сәлем, қатысушыларға, құрметті әділ қазыларға.

Барлықтарыңыздың бүгінгі сабақтан жақсы әсер алуларыңызды тілеймін, ісіміз сәтті болсын.

ІІ. Білімдерін тексеру (ДК-да тест, интерактивті тақтада сөзжұмбақ

орындау).

ІІІ. Сабақтың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы оқыту және мақсатын хабарлау (слайд).

ІV. Жаңа сабақ.

1.Жаңа сөздермен жұмыс (ДК).

2.Мәтінмен жұмыс:

а) мәтінді түсініп оқу;

ә) мәтін бойынша берілген мәліметті мәтіндегі берілу тәртібіне қарай реттеп жазу (интерактивті тақтада № 1.3.2 жаттығу орындау);

б) Дәптермен жұмыс (№ 1.3.4 жаттығу: мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жазу);

в) Оқушы тақтасымен жұмыс (№ 1.3.1 жаттығу: төмендегі сөздермен түбірлес сөздерді жеке бағанаға теріп жазу).

1. Жолдау, ... 2. Бағыт, ... 3. Таза, ... 4. Јркен, 5. Бай, ... 6. Қорғау, ... , ... .

V. Түсініктерін тексеру:

Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы кесте құру.

Еліміздің даму бағытын анықтайтын бағдарлама қалай аталады? (Қазақстан – 2030).

1)Бағдарламада не талап етілген? (Еліміздің табиғат байлықтарын сақтау)

2) Елбасымыз әр азаматтан нені күтеді? (Салауатты өмір салтын ұстануды).

3)Қандай ұғым еліміздің символы ретінде айтылған? ( «Қазақстан барысы»).

4)Нәтижесінде қандай ел боламыз? (Өркениетті ел боламыз).

VІ. Білімдерін бекіту.

Мұғалім: Әлемдік өркениет көші алдымызда, біз сол көштен қалмауымыз керек, оны өмір көрсетіп (балалардың ой қорытындысын өмірмен байланыстыру) отыр.

Мысалы: Оқушының монологы (ЕҚЫҰ (ОБСЕ) саммитінің 2010 жылы желтоқсан айының бірінші жұлдызында өткенін айтқызу).

Үй тапсырмасы: «Елбасының Жолдауы» тақырыбына тұсаукесер дайындау.

Автор:
Г.М.ҚАСЫМХАНОВА, А.В. Луначарский атындағы орта мектеп- гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаркент қаласы