Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тыл еңбеккеріне қажетті дәрі-дәрмектері жеткізілді


15 февраля 2021, 05:02 | 757 просмотров



Партияның call-орталығына түскен өтініш аясында  облыстық мәслихат депутаты әрі, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева көшпелі қабылдау өткізді.

Қабылдау аясында өтініш білдірген тыл еңбеккері М.Шәкенова денсаулығына байланысты емханадан алатын дәрі-дәрмектерінің бірнеше айдан бері түспегендігі жайлы партиялықтарға назын айтып, мәселесін жеткізді. Аталған мәселе бойынша емхана басшылығымен хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтап, қарияға шұғыл түрде дәрілерін жеткізу жайлы тапсырмасын беріп, өз бақылауына алды. Бірнеше күннен кейін қарияның қызы нұротандықтарға алғысын білідіріп, учаскелік медбике тарапынан анасына қажет дәрі-дәрмектің барлығы жеткізілгенін хабарлады.

Назарларыңызға сала кетсек, «Nur Otan» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын іске асыруда және осы жоба аясында ардагерлердің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Автор:
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі