Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мұзбалақ ақын Мұқағали жырлары-мәңгілік мұра


19 февраля 2021, 09:48 | 2 023 просмотра



Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған, қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған Мұқағали Мақатаевтың биыл туғанына 90 жыл толуына орай №15 орта мектепте  тіл мамандарының ұйымдастырумен 25.0.21-05.02.21 жыл аралығында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің  қашықтықтан оқыту барысында «Мұқағали-мәңгілік жыр» тақырыбында онкүндік апталығы аталып өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың әнге, өнерге, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 5-11 сынып оқушыларымен «Поэзия, меніменен егіз бе едің? » тақырыбында челендж ұйымдастырып, көркемсөз оқудың хас шеберлері арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.Сайыс барысында 5Б сынып оқушысы, Бақытова Айша жүлделі орынды иеленді. Сонымен қатар 9-11 сыныптар арасында К.Сүйгенбаева «Мұқағали –мәңгілік ғұмыр» тақырыбында ғылыми- конференция сабағын өткізді. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайырған ақиық ақынның өлеңдері, өскелең ұрпаққа аманат екендігі ескеріліп, Мұқағали поэзиясының өміршеңдігі жайында айтып өтті. Бекітілген жоспар негізінде бірнеше мұғалімдер ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырды.Апталық барысында әр мұғалім берген ашық сабақтарында  жасөспірімдерге рухани білім  беріп қана қоймай,  ұлттық санасын, болмысын, тәрбиесін  жаңғыртты десем қателеспеймін. Мұзбалақ ақын Мұқағали жырлары мәңгілік елдің жадында үнемі мәңгілік жаңғырып тұруы тиіс.

Онкүндіктің жабылу күні «Мұқағали Мақатаев-поэзия тұлпары» тақырыбында тіл мамандары Г.Нурсалимова мен Р.Ожарова өзге ұлт балаларына  Мұқағали  әндері мен өлеңдерін оқытып, оқушылардың өз тіліне, туған жеріне, ұлтына  деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында поэзия кешін ұйымдастырып, ақын жайлы құнды деректер мен   қызықты мәліметтермен сусындатты.Кеш барысында бейнебаян көрсете отырып кешті қыздыра түсті. Бұл өткен тағылымды сабақ оқушылар жадында мәңгілік сақталары анық.

 Кеш соңында  апталыққа белсене ат салысқан және үздік шығарма, үздік мақала сайысында ерекше көзге түскен оқушыларды  мақтау қағаздарымен  марапаттап, мадақтады.Бұл атаулы білім ордасында өтіп жатқан әр іс-шара болашағымыздың дамуына және жаңа деңгейге көтерілуіне өз септігін тигізер игі істің бастауы іспеттес.

Автор:
Д.Койгарина, «№15 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі