Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Дені сау ұрпақ, еліміздің болашағы


22 февраля 2021, 04:45 | 1 417 просмотров



Ел басымыз Қазақстан халқына жолдауында айтқандай, қоғамымызды құрумызға қарай Қазақстан азаматтарының дені сау болуы үшін күш салуға үлкен мән беріліп отыр. Олай болса, денсаулық үшін күрес – әрбір адамның міндеті! Жас бүлдіршіндерге сол міндетті насихаттау – біздің, педогогтардың парызы!

Жолдауда көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салтын сақтау, ол – әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді өткізу,денсаулықты сақтау және оны нығайту.

Сондықтан болар, «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» деп бекер айтылмаған. Олай болса, еліміздің болашағы – жас ұрпақ! Жас ұрпақтың дені сау, білімді болса, болашағымыз жарқын болмақ! Баланың өсіп жетілуне, жеке тұлға ретінде қалыптасуына жан-жақты тәрбие берумен қатар, бүлдіршіндердің өмірді танып-біліп, сезініп, түсінуі – денсаулыққа тікелей байланысты.

Кез келген ұлт балаларының сымбатты, көрікті, шымыр, денсаулығы мықты болғанын қалайды. Міне, осы ретте мектепке дейінгі ұйымдарда дене шынықтыру оқу қызметі де маңызды рөл атқарады. Өйткені дені сау, қимылы ширақ, өзін жеңіл де сергек сезіне білген бала ғана қатарының алды, оқушының озаты бола алады.

Салауатты өмір салтын сақтауда біздің балабақшамызда да дене шынықтыру оқу қызметі ұйымдастырылып, мемлектеттік стандартқа сай балаларды жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі.

Тек қана оқу қызметімен шектелмей, әр тоқсан сайын мектебімізде сауықтыру шаралары және спорттық сайыстар өткізіліп отырады. Балалардың спортқа деген қызығушылығы өте жоғары деңгейде. Ақпан айында   қыс мезгілінің   спорттық ойындарын   үйрету мақсатында «Қыс қызығы тамаша» спорттық сайысы өтті. 4 - 5 сынып аралығындағы оқушылар өздерінің ептілік және шапшаңдықтарын көрсетті. Сайыс қызықты да тартысты өтті. Оқушылар ерекше қимылдады, әрине, дендерінің саулығының арқасы емес пе?!

«Дүние жастан құрылып қана қоймайды, содан бастап құлайды» деп орыс ойшылы И.Ильин айтқандай, дүниені құлататын емес, құрайтын жастарымыз көп болсын!

Автор:
Саяси Сейфулмалик, «Мойнақ ауылындағы МДШО бар №23 орта мектеп» КММ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі