Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мектеп оқушыларын жан-жақты дамытудағы тәлім-тәрбиенің орны


25 февраля 2021, 09:53 | 194 просмотра



Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие жүйесінің құрамды бөлігі-сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары. Тәрбие жұмысында жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыны жан-жақты дамыту негізгі орын алады. Оқушыны дамытуға оқыту, білім беру, тәрбиелеу үрдістері өзара бірлікте жүргізілгенде ғана  қол  жеткізуге болады.

Даму дегеніміз ең алдымен, адам ағзасындағы  физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік орта жағдайында өтеді. Әлеуметтік көзқарас  тұрғысынан қарағанда  тәрбие  қоғам  бақылайтын және  түзету  енгізетін,  жастарды  мемлекеттік  және қоғамдық құрылымдар арқылы  басқарып, бағыттайтын үрдіс. Қоғамның  жаһанданған қазіргі  және  болашық өміріне  қатысуға  мақсаттылықпен даярлау ісі тәрбие арқылы жүзеге асырылады.

Тәрбие үрдісі  жалпы  адамзаттық мәдениеттің  бір бөлігі  болғандықтан, мәдениеттану  тұрғыдан оқып  үйренуге  тура  келеді. Олай  болса,  бұл үрдіс  балаға ғасырлар бойы  қалыптасқан мәдени мұраны  меңгертіп, сол арқылы осы  заманғы  мәдениетке  енуіне  мүмкіндік береді.Тәрбие бір ұрпақтың озық тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс, осы арқылы адамның дамуына басшылық жасалады. Нәтижелі жүйелі тәрбие жеке тұлғаны дамытады, адамның қоғамдағы орнын анықтайды. Баланың  оны  игеруі барынша  қысқа  мерзімде  атқарылуы  тиіс,  сондықтан тәрбие  ісі  жалпы  адамзаттық гуманистік  бағытта  жүргізіліп, жеке бастық рухани дамуына бағытталу керек. 

Мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде дамуына халықтық педагогаканың мұралары, ұлттық тәлім-тәрбие зор үлес қосады. Тәрбие үрдісінде халық педагогикасының тәлімдерін енгізу арқылы қаны да, жаны да таза, елін, жерін, тілін қастерлей алатын азамат дайындауға жол ашылады. Бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісіне халықтық педагогиканың тәлімдерін және әлемдік мәдениет құндылықтарын енгізу мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінен орын алады. Осы құндылықтар жаһандану жағдайында мәдени қарым-қатынас және ұлттық тәлім-тәрбие құралы болмақ.

Ұрпақ тәрбиесі - қай заманда да күн тәртібінен түспеген келелі мәселелер. Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі, деп данышпан әл-Фараби айтқандай, өркениетті елдердің қатарына буынып-түйінген мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы - бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады. Саналы оқушы қауымының тәрбиесіне екпін түсіретін семинар оларды ақыл-парасаты мол, ізетті де кішіпейіл, бастысы - мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу ісінің тек ата-анаға артылған жүк қана емес, ұстаздың да ұлы міндеті. Рас, бүгінгі тасқындаған толассыз ақпараттар толқыны - технология дәуірінің жемісі. Демек, жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес. Әсіресе, саңылауын оң тұстік батпағы бітеген жастардың бойына ұлттық тәрбие ұрығын себу қиынның қиыны. Осы орайда, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, уақыт тезінен өткен бай тәрбиелік қазынасын оқу-тәжірибесіне қолдану кезек күттірмейді.
Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына сап түзеу үшін ең алдымен ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуге міндеттіміз. Рухани тәрбиемен нұрланбаған жас өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесін ғана ойласа, онда ол ешқашан елінің өркендеуіне үлес қоса алмайды. Сондықтан да біз жастардың бойына адамгершілік пен ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіріп, Отанына адал азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет.
Тәрбие саласындағы өзекті мәселелер
Адамгершілік тәрбиесі - тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес. Адамгершілік заңы Аллаһтың адам баласына түсірген кітаптарының негізінде жатыр. Адам баласының жалған дүниеде және ахіреттегі бақытқа қауымдастыратын керекті өнегелердің нелерден тұратындығын білдіріп, құлшылық міндеттерін түсіндіреді . Адамгершілік - әдептілік ілім негізінде тұлға бойындағы рухани - адамгершілік қалыптастырудың дұрыс жүрмеуінен және өзінің өзегінен жасанды коммунистік идеялармен айырылып қалған адамгершілік мәселесі жағымсыз, нашар адамгершілік келбеттің пайда болуына душар етті. Жақсылық пен жамандық ой мен іс-әрекеттер оның парқын жіті түсінбеуден болады. Басты мұрат - метериалдық құндылық деп бой алдырушылықтан - қанағатсыздық, ысырапшылдық, атаққұмарлық, парақорлық, сыбайлас жемқорлық және т.б қасиеттерді көреміз. Құмар ойнау, шарап ішу, анаша, шылым шегу, жезөкшелік сияқты жаман қасиеттерде тән мен жан құмарлығын тежей алмау амалдарының әлсіздігі мен дұрыс қалыптаспауынан және адамгершіліктік сананың жетілмеуіне тән құбылыс. 
Адамгершілік тәрбиесі қоғамның моральдық талабына сай тәрбиелеушінің сезімі, мінез-құлқы, санасына мақсатты және жүйелі ықпал ете отырып, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыру делінеді. Сол адамгершілік тәрбиесінің қазіргі кездегі методологиялық, теориялық, әдістемелік ахуалына тоқталатын болсақ: оның кеңес дәуірінің бағыт-бағдарына лайықталған ғылыми - әдістемеліктерінен және бірең сараң адамгершілік мәселесін көтерген мәселелерден ары аса алмай отырмыз. 
Педагогикалық әдебиеттерде, діни насихаттауда тәрбие (адамгершілік тәрбиесінде) проваславие діни руханилықтың негіз етіп көрсету кең тараған. Мұсылман дінінде шариғат мәселесін түсіндірудің өзі самырқау жүріп жатқаны белгілі. Сондықтан, дін арқылы адамгершілік-этикалық ілімді түсіндіріп алуға болады деп ағаттық болар еді. Дінге мойын бұрудың өзі адамның тән және жан қажеттілігіне байланыс әр адамда әр кезеңде туындайды. Егер, осыны ескеретін болсақ және білім беру жүйелеріндегі адамгершілік тәрбиесінің бүгінгі ахуалы мен қоғамда қалыптасып отырған адамгершілік көріністер мемлекет тарапынан саясат пен идеологияның кешенді іс-әрекетін қажет етеді. Ал, ұлт тағдыры, мемлекет тағдыры объективті ақиқаттың бетіне тура қарап, стратегиялық тегеурінді идеалды нысан етуді қажет етеді... Ол идея - қазақ идеясы... Бұл тұрғыда, қазақ идеясын қазақстандық идея немесе ұлттық идея деп те атауға болады, - деп көрсетеді.

Автор:
Шолпан Ченемесова, «Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебі МДШО» КММ музыка пәнінің мұғалімі