1 марта 2021, 03:39 | 1 005 просмотров
Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Қоршаған ортаға, қыбырлаған кез келген тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың көрінісі. Н.Ә.Назарбаев «...жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», деп атап көрсетті. Соған байланысты өзін өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғанын байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, елімізге бала жанын жүдетпеудің маңызы зор.
Өзін өзі тану нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән. Нағыз адам болу – Отан алдындағы борышыңды өтеу, адами қарым-қатынасының, қоршаған ортамен үйлесімділігің. Пәннің мақсаты – білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу.
«Өзіңді өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай өзін өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шешуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға, адами қарым-қатынас жасауға, денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін ашуға үйренеді. Өзін өзі тану пәні мәні жағынан, оқушылардың қабылдау, түйсіну, білім, білік дағдыларын іштей тұтастырып, оларды еркін қолдана алуға үйретумен ерекшеленеді. Елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан берік орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзеді. Өзін өзі тану пәні жалпыадамзаттық құндылықтарға бастар жол.
Ақпан айының 08 – 18-і аралығында А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде «Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы өтті.Онкүндіктің жоспары құрылып, бекітілді. Іс-шара директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Г.Осанованың және бірлестік жетекшісі Д. Медетованың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.Бірінші күні Д.Медетованың ұйымдастыруымен ашылу салтанаты болды. 1 - 4 сынып оқушылары Сара Алпысқызына арналған тақпақ, өлеңдерін айтып, Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беріп, викториналық сұрақтар қойды. 1 - 11 сыныптар арасында газеттер бейне хитпарады ұйымдастырылды, тақырыбы «5 құндылық», «Өзін - өзі тану – өмірді тану». Мектеп кітапханасында Сара Алпысқызына арналған кітап көрмесі жасалып, онда Сара Алпысқызының өмірі мен шығармашылығына арналған мәліметтер, кітаптар,Елбасымыз туралы кітаптар, өзін - өзі тану пәні туралы қанатты сөздер, өзін - өзі тануға арналған тренинг кітаптар мен журналдар қойылып, оқушыларға бейнеролик арқылы көрсетілді..
Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында Д. Медетова «Жүректен жүрекке» атты тақырыпта сурет көрмесін ұйымдастырып, қатысқан оқушыларға алғыс білдірді. Р. Сурукованың ұйымдастыруымен оқушылардың шығармашылық жұмыстары жоғары деңгейде өтті.Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты дамытуда өзін өзі тану сабақтарының орны ерекше. Сабақта пән мұғалімі әркімнің жан дүниесін тануына, әлемге көз жүгіртіп, мейірімділік жасауға бағыттайды. Сабақты қызықты өткізу түрлі әдіс-тәсілдерді қолданатын мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Өзін - өзі тану пәні мұғалімдері: Ж.Тулепбергенова «Человек в коллективе»,Л. Барабашова «Мир человеческих взаимоотношений», Б.Сенкеева «Батылдық пен табандылық», Ш.Тағаева «Кешіре білейік»,Л. Кусаинова «Адам жанының сұлулығы», Б:Тажиева «Достаса жүрейік», Ж.Омарбекова «Мен және қоршаған әлем»Г.Манасбекова «Өз еліңнің патриоты болу», Ж.Бедельбаева «Ар-ұждан ғылымы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізіп, оқушыларға қоршаған әлем,салауатты өмір салтын ұстану, ар-ұждан, батылдық пен табандылық, кешірім,денсаулық - зор байлық екенін түсіндіріп, достықты, жолдастықты, сыныптағы қарым - қатынаты нығайтуды үйрету арқылыбалалардың жүрегіне жылылық нұрын ұялатты. 1 сынып мұғалімдері Р. Саурукова, Ж. Тулепбергенованың ұйымдастыруымен онкүндіктің жабылуы салтанатты түрде өтті.
«Өзін-өзі тану пәні» жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге,адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың барекенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады. Қабілетіңді, бойындағы дарынды, азаматтылығыңды дәлелдеуге итермелейді.