1 марта 2021, 04:59 | 909 просмотров
Қазіргі мектептегі әр мұғалімнің міндеті-өзінің кәсіби шеберлігін арттыру. Бұған тәжірибе алмасу, жоғары танымдық қажеттілікпен және сыныпты басқарудың ықтимал проблемаларымен байланысты нақты сабақтарды жоспарлау мәселелерін терең түсіну ықпал етеді. Пәнге деген қызығушылықты дамыту-мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Әлемді дүрсілкіндірген пандемия біздің елімізді де айналып өтпеді. Бірінші кезекте бұл білім беру саласына қиындық туғызды. Қиындықтарға қарамастан, оқу процесі үздіксіз жүріп жатыр. Қашықтықтан оқыту нысаны интернет арқылы іске асырылады.
Оқу материалын сәтті игеру үшін оқушылардың қызығушылығы үлкен мәнге ие. Пәнге деген қызығушылықты дамыту-мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Осы шешімдерді іздеу барысында "Алматы облысы Білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ "Абай атындағы №1 ОМГ" КММ информатика пәнінің мұғалімдері 19 ақпан күні "Қашықтықтан оқытудың белсенді құралдары"тақырыбында қалалық вебинар өткізді.
Мақсаты: түрлі пайдалы бағдарламаларды қолдануда әдістемелік көмек көрсету.
Аталған семинарда келесі тақырыптар ұсынылды:
Вебинарда мұғалімдер практикаға енгізу үшін сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолдануға болатын кейбір пайдалы құралдарды, тиімді кері байланыс мысалдарын және жеке интерактивті презентацияларды құруды ұсынды.
Қашықтықтан оқыту формасы мұғалімдерді, студенттерді және тіпті ата-аналарды жалпы білім беру туралы көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етті. Біз қысқа мерзімде көп нәрсені үйренуге тура келді. Интерактивтік және цифрлық білім беру ресурстары біздің өмірімізге нық енді, сондықтан біз оларды пайдалануымыз керек.