Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ондық бөлшектерді 10,100,1000... сандарына көбейту және бөлуді орындау


1 марта 2021, 07:04 | 1 560 просмотров



5- сыныппен математика пәнінен ашық сабақ онлайн форматта ондық бөлшектерді 10,100,1000... сандарына көбейту және бөлуді орындау тақырыбында өтті. Сабақ zoom платформасымен бандикам камерасын біріктіру арқылы жүзеге асты.

Сабақтың басында оқушыларды түгендеп, сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен таныстырып бағалау критерийлерін анықтадық. Оқушылармен үй жұмысын талқылау 5 минут уақытқа жоспарланған болатын, екінші кезең жалпы сыныппен бүгінгі сабақты түсіндіру ретінде жалғасты, жоспарлы уақыт 5 минут. Сабақ бандикам камерасы арқылы экранда түсіндірілді. Оқушылардан кері байланыс алынып, олардың сабақты нақты түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін, келесі үшінші кезең топтық жұмыс болды. Оқушылар 3 топқа бөлінді, әр топқа 3 есептен берілді. Топқа бөлу zoom арқылы, сессияларға бөлу бойынша жүзеге асты. Жоспарланған уақыт 10 минут. Бұл жерде 5 минут есеп шығаруға, топ арасында талқылауға жұмсалса, келесі 5 минут жалпы сыныппен бірге талқылауға кетті. Оқушылар тақырыпты түсінгенін көрсетті, белсенді қатысты. Келесі кезең жеке жұмыс кезінде алдын ала дайындалған есептер экранға көрсетілді және оқушылар кім жылдам әдісі арқылы жауап беріп, жауаптары сол жерде талқыланып дұрыстығы тексерілді. Бұл жеке жұмысқа 5 минут уақыт жоспар бойынша жүзеге асты. Келесі кезеңде оқушылардың логикалық ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталған, қатені тап деп аталатын соңғы қорытынды жұмыс жүргізілді, оған 3 минут уақыт берілді. Соңғы кезең 2 минуты рефлекцияға және үй жұмысын беруге жұмсалды. Сабағым 30 минутта жоспар бойынша аяқталды.

5- сынып оқушыларынан алынған рефлекцияға сүйене отырып, мен оқушылар сабақ мақсатына жетті деп толықтай айта аламын. Оқушылар 30 минут бойы, барлық жұмыстарға белсене қатысып, өздерінің білімін өз деңгейінде өте жақсы көрсете алды.

Автор:
Ернар Беделхан, Математика пәнінің мұғалімі, №14 – орта мектеп-гимназиясы, Талдықорған қаласы