Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Балаға білім беру: ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ


3 марта 2021, 10:29 | 177 просмотров



Заман талабына сай мектепке дейінгі білім беру саласы күн сайын жаңа өзгерістер мен дамуды қажет етуде. Білім  беру жүйесінде  үздік  іс-тәжірибие  алмасу  үдерісі  пандемияға қарамастан жалғасуда. Осыған орай , Алматы облысы білім басқармасының облыстық ғылыми  әдістемелік орталығының ұйымдастырумен  « Мектепке дейінгі ұйымдардағы  ізденістер мен тәжірибелер» атты  тақырыпта Республикалық онлайын семинары  ZOOM платформасы арқылы  мектепке дейінгі білім беру мәселелерін  қарастырған  6 алаң жұмыс жасады.

Біздің балабақшаның  тәжірибиесі осы  6- шы алаңында « Логикалық ойлауды дамыту-балабақша түлегінің мектептегі жетістігінің  кепілі» ортақ тақырыбы  аясында трансляцияланды. Балабақшамызда жүзеге асырылып отырған авторлық «Қызыл тәжі», « Граффити  карт», « Ритмопластика», « Риторика» жобаларымен  таныстырылды. Бүгінгі күн білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға  негізделуін  қажет етеді.Себебі, қазіргі балалар  белсенді ақпараттандыру, компьютірлендіру және  робот жасау дәуірінде өмір сүруде. Мемлекетіміздің жалпы цифрлық бағытындағы  қарқынды жұмысының тиімділігін насихаттау «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру мақсатында  балабақшамызда  «Робототехника» үйірмесі ұйымдастырылған. Үйірме  мақсаты  4-5 жастағы балалар алғашқы техникалық және конструкциялық дағдылары меңгеріліп , баланың  бойындағы шығармашылық  қаблетін   дамытуға бағдарлаудың алғашқы сатысын тәжірибелік тұрғыда үйренуге қолдау жасау. « Робототехника» үйірмесіне қатысқан бүлдіршіндеріміз  балабақша  ішілік   іріктеу байқауынан өтіп, өздерімен  қатарлас  құрдастарымен , қаладағы  қосымша  білім  беретін оқушылар  сарайындағы  тәрбиеленіп білім алып жүрген балалармен   робототехника олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алып,  құрастыру іс -әрекеттерінің жоғары  деңгейін көрсеткені көңілді толтырады. Баланың саусақ моторикасы, сенсорика, таным қабілетін қалыптасуына мүмкіндік береді. Жалпы семинар барысында робототехника ғылымының қыр-сыры айтылып, тәжірибе ретінде практикалық жұмыстар  көрсетілді. Балабақшада  бала тілін дамыту  жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп, ізденіс пен дайындығын  және  шеберлігін қажет етеді. Балабақшадағы жоғарғы санатты шебер педагог тәрбиеші  Боднар Елена Анатольевнаның  «Детям обо всем на свете» атты риторика әдістемесімен үйлестірілген балалардың коммуникациялық дағдыларын дамытудың құралы  жарық көріп, балабақшада кеңінен қолдануда. Аталған әдістеме семинар барысында оң бағаға ие болып, республикалық  көлемде таратылуға жолдама алды.           

Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған қосымша білім беруде  хореографияның  мүмкіндіктері мол. Балалар  қозғалмалы ,эмоционалды  қабылдаушы  сондықтан ақпараттың  көп бөлігі  қозғалыс арқылы сіңу оңай   екенін өз тәжірбиесінде  іске асырған  балабақша хореографы А.Сағындыкованың  балалардың дене сымбатын қалыптастыру мен түзетуге арналған «Ритмопластика» авторлық қосымша  білім беру бағдарламасы баланың заманауи тәрбиесі мен дамытудың ажырамас бөлігі болып отыр. Ритмопластика дене шынықтыру, би, музыка синтезі, сөйлеу мен театрлық көріністерді өрбіту мен жаңа форматта дамыту болып табылады. Бағдарлама мазмұнына қатысты тынымсыз және жүйелі жұмыс нәтижесі бүлдіршіндерінің республикалық, облыстық және халақаралық байқауларға қатысуына мүмкіндік береді.  Бүгінгі  таңда  өзекті болып отырған баланы мектепке сапалы даярлау, балабақша мен бастауыш мектептің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қолға алынуда. Сонын бірі « графитти карт дамыту ойындары» авторы балабақша тәрбиешісі Қайсанова Ұлжан Ердосанқызы. Баланың жасына, қабілетіне қарай топтастырып, жаңартылған білім  беру  мазмұнының  идеяларының  негізінде әдістемелік жүйесін құрып мектеп жасына дейінгі баланың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамытуда және бес білім беру салаларын кіріктіру бойынша білімдерін  кеңейту болып табылады.                                       

 Семинар соңында  аталған жобалар әріптестеріміздің көңілінен шығып, тәрбие мен білім беру үдерісіне қолдануға тәжірбие ретінде таратылды. Семинар барысында шығармашылық белсенділік танытқан педагогтар ғылыми-әдістемелік орталықтың алғыс хатымен марапатталды.                

Бала өміріне  немқұрайлы  қарамай, болашақ ұрпағымыздың нағыз тұлға болып шығуына заман талабына сай сапалы  білім  берсек  бүлдіршіндеріміздің  болашағы  жарқын болмақ.

Автор:
Ұ. Қайсанова, Әдіскер "Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ"№42балабақшасы"