Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«АҚША ГҮЛІ» ұйымдастырылғын оқу қызметі


4 марта 2021, 09:39 | 1 176 просмотров



Білім беру саласы «Әлеумет»

Ұйымдастырған оқу қызметі : Экология

Тақырыбы : Ақша гүлі

Мақсаты : Бөлме гүлдерін атайды.Ақша гүлдері басқа гүлден ажыратады .

Әдіс- тәсілдер :  Көрсету, мәлімет беру, жұмбақ жасыру ,кері байланыс.

Көрнекіліктер: Бөлме гүлі,көрнекілік суреттер , сурет үлестіру.

Оқу қызметінің барысы : Амандасу.

Шаттық шеңбері : «Табиғатым тамаша»

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса .

Сәлем саған жер ана .

Сәлем саған нұрлы күн .

Аман-есен болайық ,

Бейбітшілік күн болсын !

Таң ғажайып сәт . (әуенмен)

Ал балалар көзімізді жұмып , бір таңғажайып сәтке енейік.

Айнала аппақ қарға оранған , ауа тап -таза.

Төбешікте асыр салып ойнаған, балалардың сылдырлаған күлкісі.

Ал енді ақырындап көзімізді ашайық.

Ашық сұрақтар: Балалар таңғажайып сәтте енгенде көз алдарына қай жыл мезгілі елестеді ?

Балалар: Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар? Атап жіберейікші.

Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар. .Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Тәрбиеші: Табиғатта қандай өзгерістер байқадыңдар ?

Балалар: Қар жауады күн суық болады.

Тәрбиеші:  Ал табиғат деген не ?

Балалар: Гүлдер, ағаштар, күн , ай , өсімдіктер.

Тәрбиеші: Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

Балалар: Ауаны тазартады, витаминдер,гүлдер сәндік береді.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, табиғаттағы өсімдіктер ауаны тазартады.

Ал енді назар аударыңдаршы,бөлмені не тазартып тұр?

Балалар: Бөлме гүлдері.

     Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар.Гүлдер екі топқа бөлінеді.Бөлме гүл  және дала гүлі. Бөлме гүліне: Ақша гүлі, Әйел бақыты,Кактус

     Дала гүліне: Қызғалдақ, Сарғалдақ, Бәйшешек.

Балалар бүгінгі оқу қызметіміз :Ақша гүлі мен танысып ,өсіруін жетілдіреміз.

Ал енді өздеріңе ұнаған гүлдерді таңдап алыңдар.

    Тәрбиеші: Қолдарыңдағы гүлдердің суреті бойынша өз топтарына отырыңдар.

(Екі топқа бөлінеді)

    Жұмбақ жасыру: Адамдардың бәрі қызығады .

                                    Су құймаса сәні бұзылады.

Балалар: (Гүл)

   Тәрбиеші: Гүлдер - ол өмір сәні,табиғат көркі гүлдерден көп дәрі дәрмек жасалады .Олар бөлмені әдемі етіп қоймай бөлмені тазартады.Қуаныш сыйлап көңілімізді көтереді. Ақша гүл (теңгеге) гүл атымен танымал, себебі жапырақтары теңгеге ұқсайды. Ақша гүлді өсіру үшін жыл мезгілі таңдамайды, яғни кез келген уақытта өсіруге болады.Басқа бөлме  гүлдерінен айырмашылығы ақша гүлі ауаны тазартатын ерекше заттар бөледі.

Ондағы биологиялық белсенді заттар үй ішіндегі жағымсыз микрофлораны тазартады.

     Педогог жетекшісімен зерттеу жұмысы:

Ал енді балалар назар аударыңдар . Зерттеу жұмысын жасаймыз.

(Ақша ) гүлді отырғызу.

     Қажетті заттар: Құмыра ,тас , топырақ,су, гүл (алдын- ала суға салынып,тамырларға гүлдің жапырағы)

    Тәжірибе :Құмыраға тас, топырақ салып , гүлді отырғызамыз.

Табиғат бұрышына апарып , ұзақ мерзімде бақылаймыз.

   Құрылымдалған ойыны: Гүлдерді ажырату.

Ойын шарты: Дала гүлінен  бөлме гүлін ажыратып ,қалташаларға саламыз.

Еркін ойын : 1топ ақша гүлдің суретін саусақ арқылы бояйды.

2 топ мақта таяқшалары арқылы бояп көрсетеді.

   Қортынды : Сұрақ жауап.

Балалар басбармақ әдісі арқылы сабақ барысын көрсетеді.

Балалардың (Күлегештер )арқылы марапаттау .

Автор:
Сәуле Алдангарова, №5 балабақшасының тәрбиешісі, Талдықорған қаласы