Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жетісулық нұротандықтар 2020 жылдың қорытындысын шығарды


5 марта 2021, 04:32 | 763 просмотра



«Жетісу медиа» алаңында бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының 2020 жылғы жұмыс қорытындылары, 2021 жылға жоспары және гендерлік саясат туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы негізгі қорытындыларды шығарып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Спикер өз сөзінде: «Елбасының бастауымен, Ел Президентінің қолдауымен «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылды. Республика бойынша бұл үрдіс жоғары ұйымдастырылып, Алматы облысы акция аясында жоғарғы ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Облыстар ішіндегі алғашқы үштіктің қатарынан көріне білді.
«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Жастар Отанға» жобалары негізінде «BIZ BIRGEMIZ» атты республикалық акция аясында Алматы облысы бойынша 318 889 601 теңгеге 29 607 мұқтаж жанға көмек көрсетілді. Оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасы, жалғыз басты қарттар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға азық-түлік себеттері мен антисептикалық құралдар таратылды. «Birgemiz Jetisy» атты аймақтық қор құрылып, республикалық «BIRGEMIZ» қорынан аймақтық қорға 2 223 550 000 теңге көлемінде қаражат аударылып, 44 471 жанға 50 000 (елу мың) теңгеден берілді» деп атап өтті.
Сонымен қатар, ішкіпартиялық іріктеу - праймериз науқаны мен ағымдағы жылғы 10 қаңтарда өткен ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары жайында баяндап, Сайлауалды бағдарлама және оны іске асыру бойынша Жол картасын атап өтті.
«2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Сайлауалды бағдарламада көзделген іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау мақсатында өңірлік Жол картасы әзірленді. Алматы облысында 1910 көрсеткіш пен 6256 іс-шара бекітілген. Биыл 72 медициналық нысанның 20-сы, 81 мектептің 10-ы, жастарға арналған 8 жатақхананың 3-еуі, 65 мәдениет нысанының 4-еуі, 18 спорт нысанының 2-еуі салынады. 2025 жылға дейін 134 мың жұмыс орны ашылады. 188,7 км жергілікті маңызы бар автожолдар, 11,9 км жылумен жабдықтау желілері салынып, реконструкцияланады 99 елді мекенде газ тарату желілері салынады және т. б» - деп мәліметтерді атап өтті.
Сонымен қатар, Түркістан облысы Мақтаарал ауданына көмек, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, партия жобалары, азаматтардың өтініштерін қарау, партияның бақылау және өкілетті органдары жайында баяндап өтіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
2021 жылғы жоспарда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай арнайы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес аймақтық және аумақтық партия филиалдарының ұйымдастыруымен 12 бағыттан тұратын 700-ден астам іс-шара өткізу жоспарланғанын атап өтті. Және Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл, Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, Ақын, композитор Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай бірқатар ауқымды шаралар көзделгенін атап өтіп, сайлауалды бағдарламадағы көрсеткіштер жайында да мәлімет беріп өтті.
Гендерлік саясат жайлы да тілге тиек етіп, сайлау заңнамасына енген өзгерістерге сай және партия Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліске және мәслихаттарға ұсынылатын партиялық тізімде кем дегенде әйелдерге 30% және 35 жасқа дейінгі жастар үшін 20% квота белгіленген. Осы орайда, «Nur Otan» праймеризі гендерлік саясатқа жаңа леп алып келді. Праймериге қатысқан үміткерлердің 36,7% - әйелдер, 29% - 35 жасқа дейінгі жастар болды. Оның ішінде облысымызда 404 немесе 36,4% әйелдер, 35 жасқа дейін 273 немесе 25% жастар болғандығын жеткізді.

Автор:
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі