Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

8 наурызбен құттықтаймыз


5 марта 2021, 06:32 | 463 просмотра



Халықаралық әйелдер Күні 8-ші наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Талдықорған филиалының Атқару комитеті шешімімен бірнеше қала және аудандық медициналық мекемелерінің директорларын, соның ішінде  Текелі қаласы емханасының директоры – Целищева Елена Николаевнаны, Ескелді орталық аудандық ауруханасының директоры – Кусмолданова Сауле Рысбекқызын және Облыстық мамандандырылған балалар үйі директоры – Бейсенбаева Гульнара Албанбекқызын келе жатқан көктем мейрамымен құттықтап, сый-сияпаттарын табыстап, зор денсаулық, қиын да күрделі жұмыстарына табыс және де әйел бақытын тіледі.

Аса құрметті әріптестер, аяулы аналар, әдемі арулар! Сіздерді 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімді жолдаймын. Біздің қазіргі қоғамда әйел тек отбасының берекесін ойлайтын ана ғана емес, ол мемлекеттің, өмірдің саяси мәселелеріне белсене қатысатын қоғам мүшесі.

Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік жан-жақты қорғалуына, өмір сүру деңгейінің артуына айырықша көңіл бөлінуде. Қымбатты ханымдар мерекелеріңмен құттықтай отырып, әрқашан толысқан айдай ажарланып күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер дегім келеді. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл күй тілеймін!

Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі іспетті аяулы Аналар! Қымбатты қыздар! Құрметті медицина қызметкерлері! Барлық Қазақ Елінің әйел-қыздары!
8 наурыз Мерекелі күніменен,
Құттықтаймын сіздерді.
Көру қандай керемет,
Жаздай жарқын жүздерді.
Жүріңіздер шат куліп,
Шұғылалы таңдардай.
Мынау байтақ әлемде,
Ең бақытты жандардай!

Автор:
Асан Шалтабаев, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Талдықорған филиалының төрағасы