Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Габриэль Гарсиа Маркес: өмір туралы 13 ой


1 октября 2009, 05:53 | 2 612 просмотров


1.Мен сені кім болғаның үшін емес, қасыңда болғанда өзімнің кім екенім үшін сүйемін.

2.Ешкімнің де сені жылатуға қақысы жоқ, ал оған қақысы барлар өздері-ақ сені жылатпайды.

3.Сені біреулер сен қалағандай сүймесе, ол сені жан-тәнімен сүймейді деп ойлап қалма.

4.Шын дос – сенің қолыңды ұстап тұрып, сенің жүрегіңді сезетін адам.

5.Адамды аңсаудың нашар тәсілі – онымен бола тұрып, оның ешқашан сендік болмайтынын түсіну.

6.Сені мұң басса да күліп жүруді ешқашан тоқтатпа, сенің күлкіңе біреулер ғашық болып қалуы мүмкін ғой.

7.Бұл өмірде сен бар болғаны адам ғана шығарсың, бірақ біреулер үшін сен – бүкіл әлемсің.

8.Уақыттын сенімен бірге өткізгісі келмеген адамға уақытыңды кетірме.

9.Біз қалауымыздағы бірегей адамды қалай қабылдайтынымызды білу үшін Құдай басқа адамдармен кездестіреді. Бірегей адамды кездестіре қалғанда, біз сол жақсылықты білу үшін солай жасаса керек.

10.Жылама, өйткені бұл бітіп кетті. Күле қабылда, өйткені солай болды.

11.Сенің жаныңды ауыртатын адамдар қашанда табылады. Адамдарға сенуді жалғастыра бер, бірақ сағырақ бол.

12.Жаңа бір адамды кездестіріп, ол мені түсінеді деп үміттенгенше өзің жақсар және өзіннің кім екеніңді біл.

13.Соншама тырыса берме, барлық жақсы нәрселер күтпеген жерден болады.

Автор:
М.Кемел «Мың ой» кітабынан алынды