Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Қазақша сөйлейік» атты жаңа оқу құралы жарық көрді


25 февраля 2011, 07:54 | 2 869 просмотров


Алматыда Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) Тілдер орталығында «Қазақша сөйлейік» атты жаңа оқу құралының таныстырылымы болды.

Жаңа оқулықтың авторы - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі филолгия ғылымдарының докторы, профессор Зейнехан Күзекова.

Кітап - ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен шықққан, бұл - қазақ тілі грамматикасын қызметтік қолданыс аясы тұрғысынан ұсынатын, тапсырма түрлерін тіл үйренушінің қарым-қатынас құзыретін қалыптастыруға бағыттаған жаңа буын оқулық. Аталған оқу құралында автор қазақ тілі грамматикасын функционалдық аспектіде қарастырып, жаттығу жұмыстары мен тапсырмаларын коммуникацияға бағыттай ұсынған.

З.Күзекова - еліміз егемендік алғалы бері қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту мәселелерімен қызу айналысып, үзбей еңбек етіп келе жатқан ғалым. Оның экономика, халықаралық қатынастар және заң факультеттеріне арнаған көптеген оқулықтары да бар. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындары З.Күзекованың оқулықтарымен жұмыс істеп отыр.

Автор:
Қазақпарат