Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«МЕНІҢ ЕСІМІМ» ЖАТТЫҒУЫ


25 февраля 2011, 07:53 | 3 043 просмотра


Қадірлі оқырман өткен жылы бізге көптеген мұғалімдер хабарласып, қазіргі кезде ең күрделі мәселелерді шешуде педагогика мен психология үлкен рөл атқаратынын айтып, осы мақсатта түрлі мақалалар ұйымдастырып, ақыл-кеңестер беріп тұруды өтінген едіңіздер. Біз сол өтініштерге назар аударып, оны алдағы уақытта тұрақты жүргізіп тұруды жоспарлап отырмыз. Біздің редакциямызға осы ұстанымға сәйкес алғашқы мақала да келіп түсті, оны дайындаған өздеріңіздің әріптестеріңіз. Сіздерден де ой-пікір күтеміз.

Мақсаты: топта қолайлы жағдайды қалыптастыру, ойын мінез-құлқы қабілетін, адамдарды таныстыру. Топта сенімді және ашық атмосфера құру. Қарым-қатынастағы кеңістіктің маңызын жете түйсінуге көмек беру. Серіктестердің қатынас барысындағы кеңістікте орналасуының әсерін орнату.

Нұсқау: «Бір-біріңіздің есімдеріңізді жақсы есте сақтау үшін, өз атыңызға деген өз қарым-қатынасыңызды айтып беріңіз. Мүмкін ата-анаңыздың сізге нәресте шағынызда қандай есім таңдағаны жайлы отбасылық оқиғаны естіген боларсыз, немесе өз есіміңізге қатысты аңызды білерсіз?»

Шеңбер бойымен тұрғандар өз есімдері жәйлі айтып болған соң келесі нұсқау беріледі: «Біз бір-біріміздің есімдерімізді ғана емес, оның ең тамаша жағын да есте тұтсақ жақсы болар еді. Бұл үшін өз есіміңізді алғашқы дыбысынан басталатын жағымды, оптимистік, көңілді, іс-әрекетін білдіретін етістікті немесе өз есімінізге сіздің көзқарасыңызды білдіретін комплименттік сын есімді айтыңыз».

Барлығы айтып болған соң келесі нұсқау ұсынылады: «Енді өз есіміңізге етістік немесе сын есім сөзді қосып және оны қандай да бір (бейнелі жестпен) қимылмен көрсетіп айтыныз».

Барлық қатысушылар айтып болған соң: «Тамаша тағы бір айтып көріңізші, бір қатысушы айтып болған соң, бәріміз оның өзі сияқты дәл қайталаймыз. Дауыс ырғағы мен қимылдың да нақты бірдей болғанын қадағалауымыз керек. Топ сіздің есіміңізді қайталаған кезде қатысушылардың ішінен басқаша айтып тұрған адамды табыңыз. Дәл өзіңіз ойлағандай және сезінгендей қайталауы үшін дұрыстап көрсетіп, бағыт беріңіз».

Эпизод соңында қатысушыларға дәстурлі сұрақтар қойылады:

•Сіздің есіміңізді қайталағанда қандай сезімде болдыңыз?

•Өз есіміңіз туралы жаңа не білдіңіз?

•Бұл жаттығулар сізге не берді?

•Бұл жаттығуларды орындағанда нені уайымдадыңыз?

«ТАСТАНДЫ БАҚ» ЖАТТЫҒУЫ

Мақсаты: жұмысы көп болып, не істерін білмей жүрген, ісін ең бірінші неден бастарын білмеген адамға арналған жаттығу.

3-4 рет терең дем алыңыз да көзіңізді жұмыңыз. Сіз бір үлкен зәулім қамалдың ішінде серуендеп жүрмін деп елестетіңіз. Біраз уақыттан соң тоқтаңыз да, сол тұста өзіңіздің не сезінгеніңізге көңіл аударыңызшы...

Қандай сезімде болғаныңызды саралап болсаңыз, 3-4 рет терең дем алыңыз да көзіңізді ашыңыз.

Егер бір нәрсе жасауды бастасаңыз, өмірде оны жалғастырып алып кетуге болатындығын сезініңіз.

«ӨКПЕНІ ЕРІТУ» ЖАТТЫҒУЫ

Мақсаты: дау-дамайларды шешу және олардың жағымсыз салдарының алдын алу. Дау-дамайлы жағдаяттарда құрастырмалы қарым-қатынасқа түзету.

Тып-тыныш бір жерде, денеңізді бос ұстап отырыңыз. 3-4 рет терең дем алыныз да, көзіңізді жұмыңыз. Өзінізді қара көленке театрда отырмын деп есептеңіз. Алдыныздағы шағын сахнаға (ең жек көретін, көргіңіз келмейтін) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, қазір өмірде бар болсын, әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген кейіпте болуы керек. Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз, содан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз.

3-4 рет терең дем алыңыз да, көзіңізді ашыңыз. Не сезінгеніңізге көңіл бөліңіз, қазір қандай сезімде тұрсыз?

Бұл жаттығу қара бұлтша ұйысқан өкпені еріту керек. Кей адамдарға бұл жаттығу өте қиынға соғуы мүмкін. Әр түрлі адамдарды елестетумен айына бір рет осы жаттығуды жасауға болады. Әрі қарай өмір сүрудің жеңілдігіне көз жеткіземіз.

«ТАЗАРУ» ЖАТТЫҒУЫ

Мақсаты: дау-дамайларды шешу және олардың жағымсыз салдарының алдын алу. Дау-дамайлы жағдаяттарда құрастырмалы қарым-қатынасқа түзету.

Өзіңізді (5-6 жас) жас баланың кейпінде елестетіңіз. Жақындап көзіне терең үңіліңіз. Көздің тереңіндегі мұнды көруге тырысыңыз, өйткені бұл сізге деген махаббат мұңы. Әлгі кішкентай баланы өзіңізге жақын тартып, кеу-

деңізге қысыңыз. Сондай жақсы көретініңізді айтыңыз. Оның ақылына бас иетіндігіңізді, қателіктер жіберсе де, жөндей білетін жан екендігін айтыңыз. Шындығында бәрі қателеседі. Қандай да бір көмек керек болса, қасынан табылатыныңызды ескертіңіз. Енді осы баланы кішірейтіңіз. Бұршақтай болып кішірейгенде алыңыз да жүрегіңізге салып қойыңыз. Оның орны – сіздің жүрегіңізде.

Енді анаңызды 5 жасар кезіндегі бейнесін елестетіңіз. Қорыққан, көмек күткен кішкентай қыз балаға қолыңызды созып, жақсы көретініңізді айтыңыз. Қандай қиындық туса да көмек бере алатыныңызды айтып жұбатыңыз. Жұбанып, қауіпсіздікті сезінгенде, бұршақтай кішірейтіп, жүрегіңізге орнатыңыз.

Ал енді әкеңізді елестетіп көріңіз. 3-5 жастағы кішкентай ұл бала бірдеңеден қорқып, бақырып жылап тұр. Кішкентай бетін жас жуып кеткен. Сіз бала жұбатуға үйреніп те қалдыңыз. Көтеріп кеудеңізге қысыңыз, жұбатыңыз. Сіздегі өзіне арналған махаббатты сезінсін. Көз жасы кеуіп, жұбанғанда жақсы сөздер арнап, оны кішірейтіп жүрегіңізге жайлап орналыстырыңыз. Анаңызбен қатар тұрсын. Кішкентай сәбиді жақсы көргендей ұлы сезім болмас, сірә! Сіз оларды сондай сүйесіз. Жүрегіңізде оларға деген орын әрқашан дайын. Жүрегіңізде бүкіл әлемді тазартатын махаббат бар. Әуелі өзімізді тазартудан бастаған жөн. Денеңізге жылу тарап, мамыражай рахатты сезінсеңіз, өміріңіздің бас-

қа жақсы арнаға бұрылғаны деп біліңіз.

Автор:
Рысбекова Сәуле, № 12 орта мектеп-гимназиясының педагог-психологы, Талдықорған қаласы