12 марта 2021, 04:17 | 1 627 просмотров
Бүгінгі таңда үздіксіз білім берудің бастапқы кезеңі - мектепке дейінгі мекемелерден бастау алатын болғандықтан, балабақшада балалалардың өмірі мен денсаулығын қорғай отырып, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, тәрбиелеу, болашақта табысты оқушы тұлғасына бастайтын мектепалды білім беру бағытындағы қызмет балабақша педагогының алдына ерекше жауапкершілікті талап етуде.
Ол туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылдың 27 желтоқсанында №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында нақты айтылған. [1] Әсіресе, білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалау жүйесін жетілдіру, білім беру мен кәсіби даярлықтың сабақтастығын, үздіксіздігін қамтамасыз ету, білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету қажет етіледі делінген. Сонымен қатар, ұлттық ерекшелігімізді айқындай түсетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық құндылықтарға ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу басымдықтары назарға алыну керектігі ескертілген. [2] Осы ретте балабақшалар өз қызметінде балалардың денсаулығы мен зияткерлік коммуникативтік адамгершіл, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру арқылы сапаға сәйкес келетін ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлуі тиіс. [3] Сапалы білімді қамтамасыз ететін басымдықтар мен бағыттар жаңа оқу жылына жолданатын Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының әдістемелік нұсқау хатында айқын сипатталады. [6] Оның ішінде биылғы оқу жылында мектепке дейінгі білім беру ерекше форматқа көшетіндігі, бала бойындағы адами негізгі құндылықтардың қатарында креативтілік, коммуникабельділік, сын тұрғысынан ойлау, командалық жұмыс жасай алуға баулуды атап көрсеткен. Баламен жұмыс жасау уақытын ұлғайтып, қағазбастылықтан арылту жолдары да қарастырылған. Баланы ерте жастан білімге қызытыруды қалыптастыру үшін негізгі тірек ретінде –кәсіби құзыреттілігімен айқындалатын жан-жақты педагог тұлғасы талап етіледі. Осыған орай, педагог қызметкерлердің өзіндік шығармашылығы мен теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруы қарқынды білім беру реформасында көп жағдайда жеткіліксіз болуда. Жаңартылған білім беру мазмұнын балаға сапалы меңгерту үшін педагог-қызметкерлердің өзі де құзырлы болуы, дамуы міндетті шарт. Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Со секілді қазақтың дара тұлғасы Ұлы Абайдың: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», – деген сөздері ұстаздық мамандықтың болмысын ашатын сөздер ретінде де айқын анықтама беруде. [7] Құзыр- бұл адамның бойындағы бар білік,білім және қабілет. Ал, құзыреттілік дегеніміз – бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, коммуникабельдік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгере алатын, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет – қабілеттерінің болуы. Өз тәжірибемізде жақсы педагог –ол ісінде құзырлы педагог деп білеміз. Біздің балабақшада педагогтың мынадай негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға әдістемелік көмектер ұйымдастырылады.1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. 3. Үнемі білім алуға ұмтылу құзыреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана отырып, іздену, шығармашылыққа ұмтыла білу қабілеті. Осы құзыреттіліктерді меңгере отырып педагог үнемі кәсіби дамуыда болуы тиіс. Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білуі. Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді. Бүгінде балабақша педагогтары- жұмыс бағыттарын өтпелі тақырыптар негізінде ойластырылған жылдық перспективалық жоспарлар және күнтізбелік технологиялық карталарды жазбас үшін ойластырылған апталық циклограммалармен жұмыс жасауда. Ол жыл сайынғы жүйелі жұмыс пен құжаттама рәсімдеу бағытындағы құзыреттілігінің қалыптасуы, өзіндік құруы, шығармашылық бағытта тиімділігін анықтауына негіз болуда. Сонымен қатар педагог қызметінің білім беру бағытындағы қолданып отырған әдістеме мен технологияларды қолданудың тиімділігін анықтау мақсатында тәрбиелеп отырған балаларды түрлі кезеңдерде даму динамикасын бақылаудың бірыңғай жүйесін енгізуді атап өтуге болады. Ол әрбір баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтауға жағдай туғызады. Орындалу тәртібіне қарай бастапқы, аралық және қорытынды мониторинг ретінде қарастырылып отыруда. Аталған мониторингті жүргізе отырып, педагог-тәрбиешілер балалардың әрбір білім беру саласына қатысты деңгейлерін анықтай отырып, балабақша әдіскері мен психологы мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды шығарып отырады. Балалардың білім мен білік дағдыларының көрсеткіштері педагог еңбегінің қаншалықты тиімді екенін анықтап береді. Сонымен қатар педагог-тәрбиеші мен балабақша қызметкерлері мониторинг көрсеткіштері бойынша әрбір балаға қажетті бағыттарды анықтай отырып, бала туралы толық мәліметті көру үшін ойластырылған жеке даму карталарын толтырады. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесінде педагогтар өзінің еңбегінің қаншалықты тиімді болғанын анықтауға мүмкіндік алады. Мұндағы мәлімет әрбір білім беру саласы бойынша баланың қаншалықты дамып отырғаны туралы біліп, алдағы жұмысты жоспарлай алуға бағыт беретін құнды құжат ретінде қарастырылады. Сапалы білім мен саналы тәрбиені тиісті деңгейде қамтамасыз етуге осы енгізілген жаңашылдықтар тиімділік беруде. Балабақша қызметінде баланы мектепалды білімге отбасы және мектеп ынтымақтасы негізінде құруға, жүзеге асыруға, тиімділігін анықтап, озық тәжірибені жинақтауға үлесін қосуда. Педагогикалық қызметтегі тиімділікті анықтау мен талдау, бекіту қолдану аумағын анықтау үшін балабақшаның әкімшілік кеңесі мен әдістемелік озық тәжірибелі педагогтардың шақырылуымен меңгеруші жанынан құрылған кеңес отырысында қаралады. [4] Мұнда педагогикалық еңбекте басшылыққа алынатын педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдер қаралады. Балабақшада педагог қызметкерлер үшін, тәрбиеленуші балалар үшін және ынтымақтастық жоспар негізінде білім беру үрдісіне тартылатын ата-аналар үшін бірнеше міндеттер қарастырылады. Атап айтсақ:
Аталған міндеттер балабақша қызметкерлеріне балалардың жас шақтары ерекшеліктеріне сәйкес жұмыстар жүргізудің негізін айқындайды. Анықталған мақсат міндеттер балабақшаның жалпы ата-аналар жиналысында талданып, бекітілді. Алғы шарттарды жүзеге асыру және оның сапасын бақылау балабақша меңгерушісі мен әдіскеріне, психологына жүктелді. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстардың орындалған шағында күтілетін тиімді болжамды нәтижелер:
Аталған жұмыс бағыттарының мүмкіндіктерін ескере келе, оның орындалуында педагогикалық шеберліктің қажет екендігі өте маңызды. Осы ретте педагогикалық шеберліктің негізгі компоненттерін анықталды. Ол:
педагогикалық сауаттылық, педагогикалық кәсіби ептіліктер мен дағдылар, педагогикалық ойлау және педагогикалық қызмет шеберліктері. Аталған компоненттердің бірін жетік меңгермеген жағдайда тәрбие мен білім беруді жүзеге асыруда қиындықтар туындауы мүмкін. Ол үшін әрбір педагог өзінің алғашқы алған жоғарғы немесе арнаулы орта біліміне қоса, өз білімін жетілдіру жұмыстарын жоспарлап жүйелі түрде орындап отыруы тиіс. Осыған орай, балабақшадағы тәрбиеші -педагогтардың кәсіби біліктілігін үнемі арттырып, жаңа бағытта бет алып отыруын қамтамасыз ету қажет. Өйткені, баламен жұмыс жүргізу өте күрделі үрдіс. Ол шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыс. Балалармен жүргізілетін жұмыста түрлі психологиялық құбылыстарымен, түрлі түсініктермен, түрлі мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының барлығын түсіну және жеке дара әр балаға қатысты педагогикалық шеберлікті қолдану үлкен өнерді қажет етеді. Бұл ретте басқару мен басшылық тарапынан анықталатын алғы шарттарды атап өтуге болады. Ол:
Аталған алғы шарттар негізінде балабақшаның басқару мен басшылық тарапынан жүйелі түрде оқу-тәрбие үрдісінің жүйелі жүргізіліп, білім беру стандарттары мен үлгілік типтік бағдарламаның толыққанды жүзеге асырылуына жағдай туады.
Дегенімен, барлық мектепке дейінгі мекемелерде оқу –тәрбие үрдісі өзінің ерекшелігі мен бейімі мен тұрғылықты мекен-жайына байланысты болады. Бұл ретте әрбір басшының немесе мекеме ұжымының өзіндік басшылыққа алынатын педагогикалық алғы шарттары да болуы мүмкін. Біздің ұсынған жұмысымыз мемлекеттік –жеке меншік серіктестік негізінде ашылған мектепке дейінгі мекемелердің қызметінде қолданылу үшін ұсынылып, өз игілігін табуда.
Қорыта келгенде, басты міндетіміз біздің бүгінгі бүлдіршін ертеңгі еліміздің қоғамын ұлттық негізіміз ескеріле жасалған қолданыстағы білім беру құжаттамаларына сәйкес білімді парасатты және бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде. Осыған орай, үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы-балабақшада кіршіксіз аппақ бала жүрегіне болашақта серік болатын отансүйгіштік, адами адалдық, тәрбиелі болмыс, сарқылмас білімге деген құштарлық қалыптастыру біздің басты міндетіміз екендігін ұмытпауымыз қажет.