Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ағылшын тілінде идиомалардың қазақ тіліндегі мағынасы


15 марта 2021, 04:21 | 1 738 просмотров



Ағылшынтілі идиомалық сөйлемшелерге өте бай және идиомасыз ағылшын тілін сөйлеу және жазу мүмкін емес. Граматикалық құрылымы жағынан дұрыс болмағанмен де ағылшын тілін сөйлеушілер идиомаларды жиі қолданады. Ал ағылшын тілін үйренушілер үшін идиомалардың мағынасын дұрыс түсініп қолдану, олардың басты мақсаты болып табылады.

Негізінде әр ұлттың тілдік сөз қазынасы түр-тұрпаты жағынан әр алуан болып келеді: жеке сөздер, күрделі сөздер, қос сөздер, тұрақты сөз тіркестері  түрінде кездесетін лексикалық бірліктер бар.Менің ойымша, осылардың бәрі ағылшын тіліндегі сияқты идиомаларға сәйкес келеді. Идиомаларды тілдің бір саласы «фразеологиялық тіркестер» қысқаша «фразеологизмдерге» жатқызуға болады.

Фразеологиятану ғылымында фразеологизмдердің басты белгілері, релеванттық қасиеттері ретінде үш ерекшеліктері аталады:

  1. мағына тұтастығы;
  2. тіркес тұрақтылығы;
  3. қолдану тиянақтылығы.

Мағына тұтастығы дегеніміз – фразеологизм компоненттерінің бастапқы мағынасынан түгел не жартылай айырылып, тіркестің біртұтас мағына беруін айтамыз. Мысалы: ағылшын-қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер

The apple of one’s eye – көзімнің қарашағы,

Kill two birds with one stone – екі қоянды бір оқпен ату,

Cat and dog life – ит пен мысықтай өмір, т.б.

Аударма – бір-біріне аударма тану ғылыми-функционалды теңбе-тең мәтін жасауды екінші тілдің құрамындағы сөздің мазмұнының қолданылу, өзгеру заңдылықтарын жүйелі түрде қарастырады. Ағылшын тіліндегі етістік фразеологизмдерді қазақ тіліне аударғанда толық эквивалент, калькалау түсіндірме аударма арқылы аудару тәсілдерін қолдануға болады.

  1. Образды эквивалент – дәл сол мағынаны басқаша бейнелеуіш құралмен беру тәсілі, яғни мағыналас тіркестер. Мысалы:

About in courage – жүрек жұтқан болу;

Abuse smb left and right – жерден алып жерге салу;

  1. Калька тәсілі –орыс не шет тілдерден енген жеке, не күрделі терминдерді тұлғалық, мағыналық құрамдық ерекшеліктерін сақтай отыра, өз тілімізге сөзбе-сөз аудару».Калькалау – яғни сөзбе-сөз аудару тәсілі.

Мысалы:

Not to believe one's own (ears) – өз көзіне (құлағына) өзі сенбеу;

Fish begins to stink at the head – балық басынан шіриді;

  1. Түсіндірме аударма тәсілі:

Айта кететін  жәйт, көптеген етістік фразеологизмдердің басым көпшілігі сөзбе-сөз аударуға келмейді, егер оларды сөзбе-сөз аударатын болсақ, мән-мағынасы түсініксіз болып шығады. Сондықтан да бұлардың мағынасына қарай, балама боларлық тұрақты сөз тіркестерімен аударуға болады.

Мысалы:

Ала жібін аттамау – be honest (honest-minded) and be decent;

Алдына жан салмау – go ahead of all, be ahead of all, go in advance of all;

To abound in courage – жүрек жұтқан;

To addle one’s brain (one’s head) – бірдеңемен өзінің басын қатыру;

To suit the action to the word – сөзді іспен дәлелдеу;

To meet adversities with – (неше түрлі) байланысты пәлеге тап болу (неше түрлі) қырсыққа іліну;

Жалпы орта білім беретін мектептерде фразеологизмдермен жұмыс істеу көрсеткішінің, яғни олардың қолданысының төмен екендігі анық байқалды.

Ағылшын сабағында оқушылардың сөйлеу әрекеті белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, жүйелі сөйлеуге дағдыландырукешенді жұмыстарменжаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелеріне негізделсе, оқушылардың сөйлеу дағдысының дамуы анық. Сөйлеу әрекеті ауызша және жазбаша түрде орнап, тіл мен сөйлеуді байланыстырып, сөйлеужағдаятын қалыптастырып, сөйлеу дағдыларын дамыту әдістемесін қамтиды. Сонымен қатар, ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру мақсатында көптеген жаттығулар, тест сұрақтары, эссе, диалог, монолог, сөздіктермен жұмыс және басқа тапсырма түрлерін ұсыну қажет.

      Фразеологизмдер арқылы  ағылшын тілін үйрету үдерісі оқушылардың тек білімін жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге, олардың бойында қалыптасып жатқан мінез құлықтарының дұрыс қалыптасуына да өзіндік үлесін қосады

Автор:
Б.А.Сурабалдинова, Ағылшын тілі пән мұғалімі, «Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі» КММ