Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Музыка пәнін оқытудың маңызы


15 марта 2021, 05:00 | 1 506 просмотров



Жалпы музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне баулап, олардың жан жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсуі үшін, ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады. Бүгін де  білім саласына көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді.

Музыка сабағы мектептегі басқа пәндерге қарағанда оқушыларға ерекше әсер етіп, олардың ой өрісін дамып, шығармашылығын қанағаттануға зор ықпал етеді. Дұрыс ұйымдастырылған музыка сабағы арқылы оқушылардың бойында адамгершіліктің, жоғары мәдениеттіліктің негізі қаланып, саналы, тәртіпті, ақылды болып өсуі қалыптасады.

Музыка сабағы бірнеше іс-әрекеттен тұрады.

  • Ән айту,
  • Музыка тыңдау
  • Музыка сауаты.

Осы негізі іс әрекеттерді жүзеге асыру үшін қосымша дауыс жаттықтыру, шығармашылық тапсырмалар, музыкалық аспаптарда ойнау, музыкалық ойындар қолданылады. Әр іс-әрекетті ұйымдастыру барысында кіріспе әңгімелер, талдау, жұмыстардың бір бірімен тығыз байланыстыра отыру керек.

Музыка сабағы басқа пәндердей емес, көбінесе ауызша, практикалық түрде оқушылардың есту, ойлау қабілетінің негізінде өткізіледі. Оқушыларды  музыка әлеміне терең бойлап түсініп қабылдауға, талғамын арттыруға, эмоциялық сезімдерін қалыптастыруға және жан-жақты білімді, мәдениетті болып өсуіне зор ықпал ететін музыка сабағының орны ерекше. Ал осы музыка сабағын балалның мектепке келген алғашқы күнінен бастап ұйымдастырып, музыкалық тәрбие беру музыка пәні мұғалімінің алдында көптеген міндеттер жүктеледі. Негізі музыка сабағында  оқушыларды әсемдік әлемнің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ляззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат мақсаттарға жетелеп, өнегелі істерге баулайды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы қабілетті дамыту  музыка пәнінің мұғалімі сегіз қырлы бір сырлы болуы тиіс.

Автор:
Шолпан Актанберлиева, Музыка пәнінің мұғалімі «Мойнақ ауылындағы МДШО бар №23 орта мектеп» КММ-сі