Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

САН ЕСІМНЕН ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ


25 февраля 2011, 07:50 | 6 023 просмотра


Сабақтың мақсаты: а)Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру;

ә)Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, достыққа, әдептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

б) Ойын түрлері арқылы оқушылардың тап-

қырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тианақты жеткізуін дамыту.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың міндеті: Сұрақ-жауап, проблемалық жағдаят,көрнекілік, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: жұлдызша, сызбалар, анаграмма, мақал-мәтелдер жазылған карточкалар.

Пән аралық байланыс: математика, әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылырды түгелдеу, сынып бөмесінің тазалығы, оқу құралдарының толықтығы, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабақа толық аудару.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Сан есімнің емілесі.

2. 180-жаттығу

Пысықтау сұрақтры

1.Реттік сан есімдер араб, рим цифрлармен берілгенде жазуында қандай ерекшелік болады?

2. Күн, жыл аттары араб цифрмен берілгенде қалай жазылады?

3. Есептік сан есімге -ау, -еу жұрнақтары жалғанғанда қандай өзгеріс болады№

3.«Білгенге маржан...» ойыны

Берілген сұраққа нақты, дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.

1.Сан есім дегеніміз не? Толық тоқталу керек.

2.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді.

3.Болжалдық сан есім жасаитын жұрнақтарын ата?

4.Қаншадан, нешеден сұрақтарына жауап беретін сан есім?

4.Тақтамен жұмыс. 183-жаттығу.

5.Полиглот

Мақал-мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту шарт.

1......атасын білмеген жетесіз 2.қызға.........үйден тыю

3......ала болса, ауыздағы кетеді. 4. Жеті рет өлшеп .....рет кес

5.Білгенің-......, білмегенің-тоқсан тоғыз 6.ер жігіттің ...... сөйлегені- өлгені.

6. Кім жылдам ? бір буынды,екі буынды сан есімді тауып жаз?

Бір, мың,жүз,он,жеті,алты,тоғыз,сегіз

7. Ойлан тап ! 1.Нөмірленгенді таңба мен жазылғандағы әріп саны тең болып келетін қай сандар ? 10,100,11.

2.Сандық мәні көп болса да, буыны бірге тең қай сандар?1000,100,11

8. Шығармашылық денгей. 1. желтоқсан оқиғасына қандай жерлестеріміз өз үлестерін қосты. Қандай шаралар қолданылды? 2. Ұлы Отан Соғысы туралы тоқталу керек. Соғысқа өз ауылымыздан қатысқан аталарымыз бен апаларымыздың саны қанша,

Тылда еңбек еткен ардагерлеріміз туралы тоқтал.

9. Ойла ,ойлан,ойландыр.

Сан есімнің емілесін еске түсіре отырып, қатені түзе.

10нан-15,бесжүз-отыз бір,VI класс, 20-дәптер, мыңға таяу, 50-50 ден, 16-желтоқсан, XX том,2 інші, 11 ден.

10. Қорытынды. Сан есімге байланысты тақпақ,өлеңдер ,ертегілер, жұмбақтар,мақал-мәтелдер ойластырып айту.

1.Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығар.

2.Екі достың бірі ыңғайлы,

Біреуінің ебі жоқ.

Екеуін де бірдей көрем,

Маған артық, кемі жоқ. (жұмбақ: оң қол мен сол қол)

Мысалдар арқылы өткен сабақты қорыту.

12. Үйге тапсырма беру. Құрамында сан есімдер бар төрт мақал-мәтелдер жазып, сан есімдерге талдау жасау.

13. Бағалау.

Оқушылардың қолдарына жинаған жұлдызша санына қарай бағалаймын.

Білімі: Жоғары, Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітірген.

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Еңбек өтілі: 29 жыл.

Санаты: жоғары.

Жұмыс орны: Панфилов ауданы,Сарыбел ауылы, «Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі

Автор:
Г.А.Ниязбекова, Сарыбел ауылы