Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Наурызым - салт- дәстүрлі берекем!


17 марта 2021, 04:25 | 793 просмотра



Президентіміз  Қасым – Жомарт Тоқаев  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»  мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын  әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын  байытуды тапсырды. Наурыз  мейрамының негізгі мақсаты- Қазақстан жерінде  бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру»,- делінген. «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының идеялық құндылықтарын іске асыру мән мәтінінде Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамын атап өтудің мәні жоғары.

Орнасын жүректе –нұр, көңілде- құт,

Сарқылмас дәстүрімді өнеге тұт.

Ұлыстың ұлы күні қадірменді,

Қош келдің!

Әз, Наурызым, төріме шық!

– дей келе биылғы төл Жаңа жылымыз  әдеттегі наурыздың 22-нен бұрынырақ, наурыздың 14-нен бастау алды. Мұны әлдебір тосын немесе өзгеше құбылыс деп қарауға болмайды. 14-ші наурызды «Көрісу (қауышу) күні» деп те атайды. Сайып келгенде, көрісу сәттерінің жас ұрпақты адамгершілік-имандылық қасиеттерге баулитын тәрбиелік жағы басым екендігі айдан анық. Наурыздың сәні- наурыз көже, қазақтың салт- дәстүрін, ырымдарын, әдет- ғұрыптарын паш ету, дәріптеу.Сондай- ақ, адамдар да бір- бірімен құшақ түйістіріп, артық кеткен жерлері болса, кешірім сұрап, жан және тән тазалығына мейлінше мән береді. Міне, бұл –нағыз күн мен түнің теңелуі.Аталған Наурыз мейрамының өткізілу концепциясына сәйкес,  балабақшамызда  іс- шаралар жоспары: 15 наурыз- «Жайлау күні», 16 наурыз – «Шежіре күні», 17 наурыз- «Тарихта тағзым  күні», 18 наурыз- «Игі істер күні», 19 наурыз- «Шымырлық пен шеберлік күні», 20 наурыз- «Зияткерлік күні», 21 наурыз- «Ұлттық тағамдар күні», 22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні», 23 наурыз – «Жоралғы  күні»  бекітілген тақырыптар бойынша  іс- шараларға дайындық жұмысы қызу басталып та кетті. Әр күн өзіне тән  мазмұнымен ерекшеленді. Тәрбие бесігі – балабақшада, демекші  кішкентай  бүлдіршіндердің бойында қазақ халқының ұлы мерекесін тойлау, өскелең ұрпақтың  патриоттық сезімдерін ояту, қазақ халқының ұлы мерекесі  Әз,Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруын және қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдарыбала бойына қалыптастыру педагог –мамандардың , яғни  тәрбиешілердің еншілігінде болып отыр. «Шымырлық пен шеберлік күні» аясында қазақ халқының  ұлттық ойындарын дәріптеу бойынша қимылды ойындар ойнатылып, балалар  физикалық тұрғыдан шымырлықтарын  көрсетуге талаптанды. «Тарихта тағзым  күні» тақырыбында   тақырыптық оқу қызметтері ұйымдастырылып,   «Фиксики»мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Заводовская Наталья Борисовнаның   Наурыз мерекесінің шығу тарихымен ерекше таныстыруы  балаларды қызығушылығын оятты.  «Болашақ» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Тұрсынбаева Гүлнар Секенқызы «Ұлттық тағамдар күніне» орай  қыздар  арасында «Қыз сыны» байқауын ұйымдастырып, қыздардың ұлттық тағамдар туралы білімдерін шыңдауы -қыз бала тәрбиесінің бір қыры екені сөзсіз.  «Наурыз- думан!» атты  ертеңгілікте «Көркем-ай»  ересек тобының  бүлдіршіндеріне  ақ тілек, бата, наурыз көже, құт – береке ұғымдарын қалыптастыру  бойынша   топ тәрбиешісі Торкинбекова Гулшат Кенесбекқызының  ерен еңбегінің нәтижесі  іс- шара барысында байқалды. Бала үнін ескере отырып, ұймдастырылған   «Алау» мектепке даярлық тобының  «Қош келдің, Наурыз!»  тақырыбындағы мерекелік  тақырыптық оқу қызметті халқымыздың салт- дәстүрлерін дәріптеуге шақырды. «Құлпынай» ортаңғы тобының  мың бұралған қыздары сәнді биімен ерекшеленді.  Ерекше  көңілімізде орын алған  «Тілге бойлау жобасы» ендірілген  «Улыбка» ересек  тобының бүлдіршіндері, өзге ұлт  өкілдері,  қазақ халқының  әдет – ғұрпын   жетік білуге құмар екендігіне күмәніміз болмады, өйткені топтың тәрбиеленушілері Тен Артем, Нестеренко Дамиян,  Жуменко Матвей, Карпов Роман, Гамайлов Ярослав  Наурыз мерекесіне арналған өлең жолдарын жолдап, бата беру үлгісін көрсетіп жарысқа түсті. Ата- аналармен бірлескен жұмыстың нәтижесі - қолдан  жасалған керемет бұйымдар экспонаттары «Көктем мерекесі –Наурыз!» тақырыптық көрме сөрелерінен өз орындарын тапты. Мәресіне жеткен іс- шаралар бойынша берілген  мақтау қағаздары  қатысушылардың мерейін бір көтеріп тастады.

Ел дәстүрін сыйлаймыз, - дей келе ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып, ортақ мақсат-мүдделерімізді жетелейтін,  қазақ халқының салт- дәстүрін, әдет- ғұрыпын, ырым- тыйымдарын дәріптейтін, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын, дәстүрімізді келешек ұрпақтың болашағы жарқын болуға ат салысайық.

Автор:
Г.А.Бейсенбаева, орыс тілі пәнінің мұғалімі «№42 балабақшасы» МКҚК, Талдықорған қ.