Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұйымдастырылған оқу қызметі


17 марта 2021, 06:24 | 851 просмотр



«Коммуникация» білім беру саласы

Бөлімі:Көркем әдебиет

Тақырыбы: Менің есімім

Мақсаты:Әр баланың қайталанбайтын жеке тұлға екендігін түсіндіру.

Қолданылатын қажетті құралдар: Есімдерге байланысты мазмұнды суреттер.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, салыстыру, сұрақ-жауап.

Оқу қызметінің барысы: Амандасу

Шаттық  шеңбері: Арайлап таң атты

Қайырлы таң балалар

Алтын нұрын таратты

Қайырлы таң балалар,

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң балалар

Тәрбиеші: Есім туралы қысқаша мәлімет береді. Әрбір қазақ отбасында дүниеге сәби келгенде  оған жарасымды, мағыналы, әрі әдемі есім беруге тырысады.Кейбір отбасылар заманауи ат қойып, енді кейбіреулер ата-балаларының ұлы тұлғалардың есімін қояды.Сәбидің атын елге сыйлы, құрметті азаматқа қойғызады. Сәбиді  қолына алып, сәбидің аяғын құбылаға қаратып жатқызып немесе қолына алып, оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат түсіріп, көпшіліктің көзінше сәбидің есімін екі құлағына үш мәрте қайталап айтады. Нәрестенің есімін ата-әжесіне қойғызған.

Ашық сұрақ: Сенің есімің кім? Балалар сендер есімдерің жайлы ойланып көрдіңдер ме?  Есімдерің ұнайма? Оны кім қойғанын білесіңдер ме?

Тәрбиеші балаларға есімдері туралы тақпақ айтып береді:

Көңілге түй сен мұны,

Әр бүлдіршін ел гүлі,

Бақытты елде туғаның

Есімінен белгілі

Балалар: Салып келген суреттері бойынша өз аттарын таныстырады.

Сергіту сәт: Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жанамыз.

Атымызға ылайық,

Біз бақытты баламыз.

Ән: Топ-топ балақан.

Қорытынды:

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде не туралы айттық?

-Қандай есімдер бар екен?

Сұраққа жауап бергендерді мадақтау(күлекештер арқылы)

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Есімдерді білу керек;

Нені игереді: Өзара жағымды қатынаста болуы;

Нені біледі:Сөздерді қолдану.

Автор:
Жанылхан Кенишбаева, №5 ясли балабақшасының тәрбиешісі Талдықорған қаласы