Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қайнау. Меншікті булану жылуы


25 февраля 2011, 07:44 | 6 996 просмотров



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қайнау процесімен оқушыларды таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың күнделікті тұрмыста кездесетін физикалық құбылыстарды көре білуге және танымдық қызығушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: қауіпсіздік ережесін естен шығармауға, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: ақпараттық- компьютерлік

Сабақтың құрал – жабдықтары: PASPORT Xplorer GLX, температура сенсоры, калориметрге арналған жиын, бөлме температурасынан төмен су, флипчарттар, электронды оқулық, термометр

Үй тапсырмасын сұрау

1.Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр.

2.Ауадағы су буы қаныққан ба әлде қанықпаған ба ?

3.Ауаның салыстырмалы ылғалдығы дегеніміз не ?

4.Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал

5.Ауадағы су буының маңызы қандай ?

6. Ауа ылғалдылығы туралы не белеміз ? ( Сызбаға жазу)

Сабаққа эпиграф:

Мұғалім: Жақсы шығарылған, ыстық шайдан артық не бар ? Бәріміз шәйді қалай шығарылу керектігін білеміз. Шәйді шығармас бұрын, суды қайнатып алуымыз керек. Біз бүгінгі сабақта «Қайнау. Меншікті булану жылуы» тақырыбымен танысамыз.

Жаңа сабақты меңгеру.

Мақсат: Қайнау процесін бақылау, көпіршіктер және оның жоғары көтеріліп жоғалып кетуі, ызыл, көпіршіктің судың бетіне жетіп жарылуы, судың қайнауы жайлы мағ-лұматтар алу

Мұғалім:

Суды қыздыру. Қыздырған кезде құтының үстіңгі жағында пайда болған тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгендігін көрсетеді. Құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Бұлар - судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Осы кезде ызыл естіледі. Белгілі бір температурада көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Сұйық қайнайды.

Сұықтың тек үстіңгібетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін мұндай қарқынды булануды қайнау деп атаймыз.

Сұйық температурасы өзгермейді. Осы температура қайнау температурасы деп аталады.

Электронды оқулықтан қайнауды көрсету

Қайнау процесінің жұмбағын шешелік. Флипчарт

1.Құтының үстіңгі жағынан нені байқадың?

2.Көпіршіктер қайдан пайда болды?

3.Көпіршіктер неге үлкеиіп жоғары көтеріле бастады ?

4.Ызыл неге естілді ?

5.Неге көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады ?

Жауабы:

1.Құтының үстіңгі жағынан тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сырт-

қа шыққан су буы салқын ауамен араласады да және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады.

2.2. Бұлар - судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері.

3.Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді.

4.Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде, әдетте, су қайнар алдында шығатын ызыл естіледі.

5.Көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан жоғары. Сондықтан көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады.

GLX – ті қосып температураның графигін алу

Флипчарт

Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді

Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.

Қайнау процесі үнемі жүріп тұру үшін сырттан энергия беру керек.

Әр түрлі сұйықты қайнау температурасында бұға айландыру үшін әр түрлі энергия қажет. Заттың булануға қабілеттілігі меншікті булану жылуымен сипатталады.

Меншікті булану жылуы деп сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айландыруға қажетті жылуды айтады.

Мысалы: Бастапқы температурасы 10°С, массасы 5 кг суды қайнағанға дейін қыздырып, буға айландыруға кеткен жылу мөлшерін тап ?

Оқушының білімін бағалау

Үйге тапсырма: 18 тақырыпты оқу, 11 – жат. № 8

Мен Исембаева Гүлнар Әбдіқалымқызы 1966 жылы 20 сәуірде Кербұлақ ауданы Коянкөз ауылында дүниеге келдім. Орта мектепті бітіргеннен кейін Жен Пи –дің физика- математика факультетінде оқып, физика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықтым. Жалпы еңбек өтілім – 23 жыл. Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп – лицейінде 1993 жылдан бері қызмет етіп келемін

Автор:
Г.Ә.ИСЕМБАЕВА