Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЕСІМДІК. ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ.


25 февраля 2011, 07:41 | 7 272 просмотра


Сабақтың мақсаты: а) Білімділік. Есімдік және жіктеу есімдігі

туралы түсінік беру

ә)Дамытушылық. Есімдіктердің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре

отырып, белсенді ойлау қызметтерін жандандырып, оқу дағдыларын жетілдіру,

есте сақтау қабілетін дамыту.

б)Тәрбиелік. Оқушыларды сауатты жазуға, әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, танымдық ойындар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекіліктер: тест жұмысы, кестесөздер, жұлдызша, тірек сызба, топтастыру сызбасы.

Сабақтың барасы

І Ұйымдастыру

ІІ Өткен сабақты қайталау. 1. «Есіңе түсір»

Жаңа сабаққа қатысы болғандықтан есім сөздерді «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша қайталау. Жауап берген оқушыға жұлдызша беріп отыру.

1.Зат есім дегеніміз не?

2.Құрамына қарай нешеге бөлінеді?

3.Деректі, дерексіз зат есімдер

4.Сын есім қандай сөз табы?

5.Туынды сын есімдер қалай жасалады?

6.Сан есім дегеніміз не?

7.Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

10.Сан есімнің емлесі?

2. «Сынап көр» (Есім сөздермен жұмыс)

«Тілдік тренажер» арқылы сын есім, зат есім, сан есімдерге талдау.

Дәптер бидай өңді Талдықорған

Ақ бес сары ала

Жиырма балықшы екі

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

3. «Анықтама» (жаңа сабақ бойынша түсінік алу)

а) Кестедегі мысалдар бойынша оқушылар-

ға ережені шығарту

б) Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.

Жақ Жекеше түрі Көпше түрі

І мен біз, біздер

ІІ сен сендер

сіз сіздер

ІІІ ол олар

4. «Құрастыр» (жаңа тақырып бойынша сөйлем құрастыру)

5. «Іске асыр» (жаттығулар орындау)

- 192-жаттығу. Ауызша. Есімдіктерді тауып, қай есім сөз орнына қолданғанын айту.

- 193 –жаттығу. Сөйлемді оқу, есімдікті көшіру

Ол, сен, сені, мен.

-194- жаттығу. Мәтінге ат қою, жіктеу есімдігін теріп жазу, септігін анықтау.

Біздің – І жақ, ілік септігі.

Сені- ІІ жақ, табыс септігі.

Сенімен – ІІ жақ, көмектес септігі.

Сенен – ІІ жақ, шығыс септігі.

6. «Нәтиже» (10 сұрақтан тұратын тест жұмысы)

ҮІ. Өзіңді бағала. Тест, жұлдызшаларын есептеп оқушы білімін бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма. 195-жаттығу. Ереже жаттау.

Туған жылы: 1979 10 сәуір

Білімі: жоғары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін

2000 жылы бітірген

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Санаты: ІІ

Еңбек өтілі: 9,8 жыл

Автор:
Г.Ж.ҚАБАНБАЕВА, Еңбекші ауылы, «Е. Сыпатаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Алматы облысы