26 марта 2021, 04:31 | 3 099 просмотров
Мақсаты: балаларды судың қасиетімен, таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тірщілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Мотивациялық қозғаушы кезең:
Шаттық шеңбері
«Суды үнемдеңіз» - сурет арқылы таныстыру.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілі.
-Қазір күздің қай айы? - Қараша.
Сендер табиғаттан қандай өзгерістерді байқадыңдар? Ауа райы суытады, жаңбыр жауады.
Ұйымдастырушылық -ізденістік кезең:
Тосын сәт:
Жаңбырдың дыбысы шығады. Тамшы кіреді.
-Сәлеметсіздер ме, балалар, мені білесіңдер ме? (Білеміз, Тамшы).
Қазір балалар, мен сендерге ертегі айтып беремін.
Ерте- ерте, ертеде Тамшы болыпты, ол жалғыз емес, көп болыпты. Олар өте жақсы көңіл көтереді екен, үлкен- үлкен бұлттарға жиналып, ойнап, жерге құлайды екен. Жерде өсіп түрған гүлдерді, ағаштарды суарады , үлкен өзен болады екен.
Үлкендерге жауын ұнамайды екен, олар жылы киінып, үйден шықпайды екен, ал балалар болса, жауынды, өте жақсы көреді екен, шалшықта секіріп ойнайды сол себептен балалармен, су туралы әңгімелесуғе, Тамшы келіпті.
-Балалар, Тамшы қай жерде өмір сүреді?
-Тамшы өзімен жұмбақ әкеліпті. (Судың дыбысы).
-Балалар мынау не шу? -Су.
-Қай жерден шу шығады? -Краннан, жауын жауып тұр.
-Рахмет, Тамшы тосын сәт өте жақсы, бізге ұнады.
-Балалар өзімізге шапалақ ұрайық, өте жақсы, сұраққа жауап бердік.
-Сендер су туралы біраз біледі екенсіңдер. Ал судың түсі, дәмі туралы не айтасыңдар?
-Балалар, судың түсі, дәмі туралы біз бүгін тәжірибе жасаймыз.
Сендер алдыларыңда тұрған кіші стақандағы суды тәрелкеге құйыңдар енді губканы батырып, бір қолмен ақырын ғана сығыңдар, не байқадыңдар?
-Балалар, суды төгуге де болады. Ол ағады, тамшылайды, суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға болады. Яғни, су сұйық екен. Су қандай екен? Сұйық.
-Сендер тағы қандай суйық заттарды білесіңдер? Сүт, компот, шырын.
-Судың түсі қандай екен,ыдыстағы суға қараңдаршы?
-Дұрыс айтасыңдар,су түссіз. Ал сендер судың түсін өзгерткілерің келе ме? Олай болса алдыларыңдағы бір ыдыстағы суға өздеріңе ұнаған бояуды қосыңдар.
2.тәжірибе: Балалар өздеріне ұнаған бояу тамшыларын суға қосып, араластырады да судың түсінің қандай түске өзгергендігін айтады.
Демек, балалар, судың түсі, оған қоспа қосқанда ғана өзгереді екен. Енді үшінші стақандағы таза суды ішіп көріңдерші, дәмі қандай екен?
Балалар суды ішіп көріп, дәмінің жоқтығын айтады
-Судың дәмін қалай өзгертуге болады?
Дұрыс айтасыңдар, олай болса алдарыңда тұрған қантты суға салып араластырыңдар.
-Балалар, судың дәмі қалайша тәтті болып кетті. Өйткені біз суға қант қостық.
Ал суға тұз қосса, дәмі қандай болар еді?
Яғни, балалар, суға белгілі бір дәм бар затты қосқанда ғана оның дәмі болады екен.
Біз бүгін балалар, су туралы біраз әңгімелестік, тәжірибе жасадық. Енді айта қойыңдаршы, су не үшін керек, су болмаса не болар еді?
«Cудың қасиеттері» - суретпен жұмыс.
Су адамдарға тамақ пісіру үщін, кір жуу үшін, шомылу үшін, шай қайнату үшін керек. (Балалардың жауабы).
-Жарайсыңдар,балалар, енді жаңа өздерің жасаған тәжірибелеріңді естеріңе түсіріп, су туралы айтып беріңдерші.
Балалар судың қасиеттерін айтады.
-Ал сендер суды үнемдеу керектілігін білесіңдер ме?
-Суды үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар, суды бостан босқа төгіп, қалай болса солай пайдалана беруге болмайды екен.
Ойын: «Сабын көбіктері».
Ойынның шарты: балалар секіріп, сабын көбіктеріне үрлейді, аулайды.
Рефлексиялық -түзетушілік кезең:
Сұрақ- жауап арқылы тақырыптық оқу қызметі аяқталады.
Балалар күлекештермен көңіл- күйлерін көрсетеді.