29 марта 2021, 04:47 | 1 893 просмотра
Әрбір адам туғаннан бастап-ақ белгілі бір қозғалыс мүмкіндіктеріне ие болады. Қозғалыс арқылы күнделікті өмірде түрлі қимылдар іске асады. Мысалы, бір уақыт ішінде қашықтыққа жүгіру, салмақ көтеру, т.б. Қозғалыстың белгілі бір сандық және сапалық сипаттамалары бар. Дене қабілеттері деп – адамның қозғалыс мүмкіндіктерінің әр түрлі қырларын айтамыз. Мектеп оқушылары жас ағза иесі болғандықтан да олардың бойында ептілік қабілетін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік мол. Адам жасының өсуі мен дене қабілетінің бірдей болмайтындығы белгілі, себебі, ол әр адамның өзіндік даму ерекшелігіне бағынады.
Ептілікті дененің қабілеті ретінде қандай да бір нақты қозғалыс түрлерін орындауға бағытталған туынды қимыл деп атауға болады. Мысалы, бір ойыншының барынша жоғары алуы, допты ұстай алуы, алаңда шебер қозғалуы, т.б.
Қозғалыс міндеттерінің күрделілігі көбіне бірдей уақытта бірінен соң бірі орындалатын қимылдардың сәйкес келуін талап етеді (қимылдардың үйлесімділігі және дәлдігі), яғни, қозғалыс қимылдарының үйлесімділік күрделілігі ептіліктің бірінші өлшеуіші болып табылады.
Егер қозғалыс өзінің кеңістік, уақыт және күш сипаттамасына орай оған сай келетін болса, яғни, ол дәл орындалса, қозғалыс міндеті орындалады.
Қозғалыстың дәлдігі ұғымы мынадай қабілеттерді біріктіреді:
Қозғалыстың дәлдігі, яғни, қозғалыс міндетінің талаптарына сай келу деңгейі ептіліктің екінші өлшеуіші болып табылады.
Қозғалыс дәлдігінің нәтижесі жоғары үнемділікке жету болып табылады, яғни, қозғалыстар бұлшық ет күші мен қуатын өте аз мөлшерде шығындау арқылы жасалады. Сондықтан да, ептіліктің өлшеуіші ретінде қозғалыс үнемділігінің қандай да бір көрсеткіші қолданылады.
Ептілікті ғылыми зерттеулерде қозғалыстың дәлдігімен барынша мұқият зерттеп, қозғалыстың барлық сипаттамалары бойынша жіберілген қателіктердің санын анықтауға тырысады.
Алғашқы қозғалыс жеңіл атлетикалық жолдарда жүгіріс, спорттық жүгіріс, лақтыру, секіру және гимнастикалық жаттығулардағы қозғалыс мысал болып саналады. Екінші топқа кросс, жекпе-жек, спорттық ойындардағы қозғалыстар, т.б. кіреді.
Мектеп оқушыларының волейбол ойынын ойдағыдай меңгеруі жоғарыда аталған ептіліктің үш қабілет дәрежесіне қатысты жүзеге асады. Олардың ішінде ең жоғары деңгей маңызды рөл атқарады, себебі, спорттық тәсілді үйрену және жетілдірудің алғы шарты болып табылады. Керсінше жағдайда техникалық әдістер мен әдеттегі жағдайдағы тәсілдік өзара қатынастар қаншалықты дәл және жоғары деңгейде болғанына қарамастан олардың өзгермелі кездейсоқ ойын жағдайларында тиімділігі төмен болады.
Ф.К. Агашинның пікіріне сәйкес жалпы спорттық дене дайындықты негізгі құрамдас бөліктері болып жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары, функциялық және биохимиялық экономикаландыру, жеке бас-психика факторлары табылады.
Жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары және энергия алмасу мен түрлендіруді қамтамасыз ететін жүйелердің функционалдық қуаты (ішкі және сыртқы тыныс алу, оттегін өкпеден жұмыс істеп тұрған органдарға көшіру жүйелерінің қызметін сипаттайтын аэробтық энергия өндіргіштік); анаэробтық лактаттық өндіргіштік); анаэробтық алактатты (фосфатты) өндіргіштік.
Медициналық-биологиялық жəне психологиялық қамтамасыз етілуі жөнінде айналысқан Т.Қ. Мустафина, З.Қ. Дунаевтың, [3] еңбектеріне сүйеніп зерттеулер жүргізілді. Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Олай болса біз әңгіме етіп отырған волейбол спорт ойыны, бар ұлт үшін ортақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген.
Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру жалпы дене дайындығынан басталады, ол арнайы дене дайындығы арқылы волейболмен тікелей байланысты (ерекше қасиеттер мен қабілеттерін дамыту). Бағыттаушы жаттығулардың көмегімен волейболдың техникалық тәсілдерінің құрылымдық элементтерін меңгереді. Осы негізде ойын тәсілдерінің негізгі құрылымын меңгеру (техника бойынша жаттығулар арқылы ) жалғасуда.
Волейболшының дене дайындығының маңызды жақтарының бірі арнайы ептілікті дамыту болып табылады. Олардың деңгейінің жоғары дамуы негізінде қазіргі заманғы волейболда дене және техникалық дайындық процесі құрылады, ол өз кезегінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге табысты әсер ететін, ал жоғары нәтижелер жаттығу процесі тиімділігінің жарқын көрсеткіші болып табылады. Спорт түрінің ерекшелігіне байланысты ептіліктің дамуы. Ептіліктің дамуы денсаулықты нығайту және ұстап отыру үшін жалпы дене қабілеті даярлығы, дене тұрқының пішіндерін жетілдіру, адамның бұлшық еттерінің барлық топтарын дамыту және негізгі жарыс жаттығуларын орындаған кезде ең көп маңызға ие болатын бұлшық ет топтарының ептілік қабілеттерін тәрбиелеуге бағытталған арнайы дене қабілеті даярлығы барысында жүзеге асырыла алады. Осы бағыттардың әрқайсысында осыларды осы ұстанымға қарай шешу қажет болатын, иілгіштік пен міндеттерді дамытуға ұстанымды анықтайтын нақтылы мақсат қойылады. Осыған байланысты күшті тәрбиелеудің белгілі бір әдістері мен тәсілдері іріктеп алынады.
Ортақ иілгіштіктің ептілік бағытындағы тәсілдер:
а) бұлшық етке күш түсу өз денесінің салмағының есебінен жасалады (салбырап тұрып тартылу, тіреліп жатып итерілу, тіреліп, салбырап тұрып тепе-теңдікті ұстап тұру);
ә) өз денесінің салмағы қосымша тіректі пайдалану есебінен азаяды;
б) өз денесінің салмағы сыртқы заттардың салмағымен арта түседі;
в) бұларда өз денесінің салмағы еркін құлаған дененің инерциясы есебінен арта түсетін соққылы жаттығулар (секіру жаттығулары, сонымен қатар алға
және жоғары секірулердің комбинациялары).
а) бұлшық етке күш түсу сыртқы заттарды пайдалана отырып, ерік-жігер күш салуларының есебінен жасалады (алуан түрлі тіректер, ұстап тұрулар, қарсы әрекеттер және т.с.);
б) бұлшық етке күш түсу сыртқы заттарды пайдаланусыз, ерік-жігер күш салуларының есебінен жасалады.
Жаттығудағы әсер етудің ептілікке бағытталғандығы бұлшық еттерге күш түсірудің жағдайларымен, шарттарымен қиындатылған жарыс және арнайы-даярлық жаттығуларын қолдана отырып қамтамасыз етіледі. Мұндайларға спецификалы иілгіштік ептілік бағытындағы келесі тәсілдерді жатқызуға болады:
Қолданған әдебиеттер тізімі.
1.Айрапетъянц Л.Р. Динамика тренировочных и соревновательных нагрузок высококвалифицированных волейболистов в годичном цикле подготовки; Автореф. дис. .. канд. пед. наук. – М., 1981. -22 с.
2.Алиханов С.И. Исследование нападающих ударов в волейболе методом акселерографии. - Теория и практика физ. культуры, 1969, №5, с. 71-73.
3.Амалин М.В. Исследование вопроса тактической подготовки волейболистов-мастеров; Автореф.дис. ... канд. пед, наук, - Тарту, 1973. - 22 с.