Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Болат Жұмақанұлына


29 марта 2021, 04:54 | 728 просмотров



Сәуірдің бірі-Қисметов Болат Жұмақанұлының туылған күні. «Өз ұлдарын ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деп ғұлам ақын І.Жансүгіров айтқандай , жоғарғы оқу орнында оқып жүріп-ақ , ауыл балаларын оқуға даярлап, жоғарғы оқу орнына түсулеріне  ықпал еткен, аудандағы шаруашылықта бас есепші және  аудандық статистика саласына басшылық жасаған, мәслихаттың бірнеше шақырымында мәслихат хатшысы болып еңбек етіп, ауданның экономикалық-әлеуметтік саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан, бірнеше мемлекеттік марапаттардың иегері, бүгінде қазыналы қарттығымен ел құрметіне бөленген, байтақ елдің Балпық биінің алтыншы ұрпағы, «Көксу ауданының Құрметті азаматы»  Болат Жұмақанұлын туылған күнімен достары Кенетай-Гүлжақан, Нүкен-Науат, Билібек-Айнакүл,Ділдә,Жәмиля,Нағима,Нұрзада, Кенжебек-Алтындар атынан құттықтай отырып төмендегі жыр шумағын ұсынамын.

Сәуірдің ерекше мәнді әуені,

Сәби даусыңа сенің шомылған,

Бойыңның ғасырға жетер қуаты,

Қырық сегіздің көктемінен алынған.

Еңбектің жазып салиқалы дастанын,

Мерейі биік  қызметтерді атқардың,

Мәслихаттың тізгінін ұстап талай жыл,

Жұмақан әке аманатын  ақтадың.

Қатардан тұлғаң биік, шықтың алға,

Емен ғана  осылай көктеп  шықпай ма?

Өзіңе мен ерекше қуанамын,

Қатардан оза шауып шықсаң алға,

Балпық баба жалғасы мұрасы-сен,

Тектілікпен биікте тұрасың сен,

Алланың берген сыйы пейіліңмен,

Шуақ шашып айналаңа жүресің сен.

Азаматтай ізіңнің дарасы бар,

Ізіңді жалғастырар санасы бар,

Қоса ағар Баяныңмен асыл бауыр,

Ұрпағың көбейсінші бақ асырар.

Жетпістен асып, жаңа піскен жастасын,

Жетпіс үштің кір шалмасын аспанын,

Ат басын жүзге жетіп шалдырғанша,

Тасысын жылдан жылға  асқақ бағың.

Арманың бар 100-ге  тірі жетсем деген,

Мәуелі бәйтерек боп өссем деген,

Арманың алға сені  жетелесін,

Кір түсірмей арыма өтсем деген.

Көктемдерді  әлі де талай атқарғын,

Буына балқы  мерейі биік шақтардың,

Ту етіп бірлікті мына теңдікті,

Бауырым , ұзақ жаса тартпай мұң.

Автор:
С. Бәзілұлы