Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қашықтықтан оқыту шеңберінде оқу платформаларының тиімділігі


2 апреля 2021, 05:01 | 3 719 просмотров



Бүгінгі күн оқытудағы өзгерістердің жеделдігін көрсетуде. Виртуалды сынып, мобильді оқыту, EdTech, электронды бағалау, жасанды интеллектті қолданатын интеллектуалды оқыту жүйелері – бұл терминдердің барлығы жаңа заман мұғаліміне таңсық емес. Цифрлы құралдар педагогтерд үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын дамытудың заманауи әдісіне айналып отыр.

Виртуалды сабақтарды өткізу формалары әртүрлі, олар: дәріс (нақты уақыт режимінде  бейне элементтерімен, аудио элементтерімен); ресурстарды зерттеу (интернет-ресурстар, электрондық тасымалдағыштарда мәтіндер, иллюстрацияларды қосумен, бейнені қосумен, аудионы қосумен, анимацияны қосумен); сценарий бойынша өзіндік жұмыс (іздену, зерттеу, шығармашылық); чаттағы конференция, форумдағы конференция; ұжымдық жобалау жұмысы; жеке жобалау жұмысы; жаттығулар; арнайы оқыту жүйелерін пайдалана отырып тренинг; бақылау жұмысы (тестілеу, бақылау сұрақтарына жауаптар); консультация болып табылады.

Жаңа оқу жылы басталысымен Талдықорған қаласындағы Еркін ауылындағы №11 Есжан Берліқожаұлы атындағы  орта  мектебінде мұғалімдердің цифрлы мәдениетін қолдауға және дамытуға бағытталған әдістемелік көмектер беріліп отырды, атап айтсақ мектеп әкімшілігі тарапынан әр-түрлі семинар-тренингтер өткізіліп отырды. Информатика пән мұғалімдері  –  өз әріптестеріне онлайн-платформалар, пайдалы веб-сайттар, лайфхактар мен ұтымды шешімдерді таныстырып және видеосабақтарды қалай ұтымды түсіруге болатындығы туралы, олардың сабақта тиімді қолданылуын көрсетті. Мысалы NearPod платформасы арқылы ойын түріндегі тест тапсырмалары, ашық сұрақ, сәйкестендіру, сурет салу тапсырмасы, ортақ тақтаны қолдану мүмкіндіктері туралы көрсетіліп түсіндірлді.  Ал «MIRO, PADLET, LINOIT виртуалды тақталарымен қызықты онлайн сабақ», «Оқытуда EDMODO платформасын қолдану мүмкіндіктері,  «SOCRATIVE қосымшасы көмегімен бағалау және кері байланыс әдістері» «MOZAIC EDUCATION арқылы 3D презентация дайындау», Wooclap.com платформасы арқылы “Бұлтты сөз” әдісін  қолданып, берілген суретке қарап, құрылғылардың атауларын жазып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындап алуға болатынын көрді.

learnis.ru платформасы арқылы интерактивті видео көрсете отырып, видеоның басында аяғында тапсырма орындап нәтижесі бірден шығып отыратын жөнінде көрсетілді.  Термин сөздерді қайталау үшін  wordwall.net    сайтын қолданған тиімділігі туралы және тағы да басқа тақырыптық атаумен вебинарлар сериясы ұйымдастырылды.

Мұғалімдердің кәсібилігіне қойылатын талаптар да артып келеді – енді оларға материалды аралап өтіп, таныс маршрут бойынша дәріс оқу жеткіліксіз. Олар заманауи оқыту әдістерін қолдана білуі керек – қазір бұл пәнді білуден гөрі маңызды. Жиырма бірінші ғасыр мұғалімі оқушыларға әмбебап дағдылар мен дағдыларды нақты мәліметтерге орналастыру арқылы дамытуға көмектеседі.

Автор:
Ж.О.Дуйсенбинова, А.Ж. Оспанова, Информатика пән мұғалімдері, "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі"