Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жалпыадамзаттық құндылықтар- тұлғаны қалыптастырудың негізі


2 апреля 2021, 05:57 | 1 915 просмотров



Мақсаты:Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу үдерісіне енгізу, әр пәнді оқытуда оқушыларға  мәңгілік жалпыадамзаттық құндықықтың мәнін таныстыру.

Күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз.

Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар.  Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында  тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ.  Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.

Ал құндылықтар туралы  мәселені ең алғаш Сократ көтеріп, «Өзгені тану үшін алдымен өзіңді-өзің таны» деген болатын. Ал құндылықтарды зерттеп, оны ғылымға енгізген Т.И.Петракова. Ол құндылықтарды жүйелеп үш түрге бөлді:

  • Табиғи құндылықтар– бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).
  • Жүре пайда болған құндылықтар– бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б.)  
  • Абсолюттікжалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Жапыадамзаттық құндылықтар және тұлғаның адамгершілік құрылымы.

Адам ішкі үйлесімділікке жету үшін ойында, сөзінде және іс-әрекетінде жалпыадамзаттық  құндылықтарды ұстануы қажет, оларға тұлғаның адамгершілік құрылымының келесі деңгейлері сәйкес келеді.

Оқыту үрдісіне  жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз.Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады.

Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. 

Біз сияқты жердегі барлық жаратылыс бақытты болуға құқылы.Оларға қандай да бір қиянат жасауға біздің құқығымыз жоқ.

Жас ұрпақты өкінбейтіндей етіп, қателіксіз, уайым-қайғысыз, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге, өмірлері қуаныш пен шаттыққа толы болуға үйрету – біздің қасиетті пары­зымыз. Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.

Автор:
Б.К.Медетбекова, «Мойнақ ауылындағы МДШ орталығы бар № 23 ОМ» КММ-сінің Өзін –өзі тану пәні мұғалімі, Талдықорған қаласы