Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жеке құраммен сыбайлас жемқорлық тақырыбында кездесу өтті


2 апреля 2021, 08:50 | 1 735 просмотров



Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Жуырда Талдықорған гарнизонындағы 21751 әскери бөліміне арнайы атбасын тіреген лауазымды тұлғалар ол жердің жеке құрамымен кездесті. Онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып жатқандығын және сыбайлас жемқорлықпен күресті кез келген ортада жолын кесуде қоғам болып белсенділік таныту қажеттілігі айтылды.

  • Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі, - деді «Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Аманжол Жазықбаев.

Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың дейтін нақты ереже бар. Ендеше, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санаймын, - деді Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Жәнібек Бақаев.

Шараны қорытындылаған Талдықорған гарнизоны Әскери полиция бөлімінің бастығы подполковник Ерлан Оспанов жемқорлықтың алдын алуда бөлімде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.

Кездесудің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау болып табылады.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі