2 апреля 2021, 09:11 | 1 814 просмотров
Талдықорған гарнизонындағы 54380 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында әскери ұжым сенбілік күнін өткізді.
- Әскери қызметшілердің белсенді еңбегінің нәтижесінде бірнеше сағат ішінде әскери бөлім іші мен айналасы тазаланды. Бәрі бірігіп маңайды қоқыстан тазартып, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты, - деді әскери бөлім командирі полковник Қайрат Мырзағалиев.
Мұндай іс-шаралар қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді, сондықтан да сенбілікке қатысушылар өз жұмыстарына қанағаттанып, мұндай игі іс-шараларды жиі өткізіп тұру керектігін айтты.