Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Спорт-денсаулық кепілі


6 апреля 2021, 10:05 | 1 771 просмотр



Тұңғыш президентіміз  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкагольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және бағытталған» деген.

Салауатты өмір салты- бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады.

Жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптасуы өте маңызды. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты — қимыл белсенділігі болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсуі мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Спортпен шұғылдану — қимыл белсенділігі болып табылады. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу және дене салмағын бақылап отыру денсаулықты жақсартады. Жастар арасында спорттың дамуы өте маңызды. Дені сау азаматтар осы мемлекеттің болашағы. Әр білім ордасында және жұмыс орнында спортқа көп назар аударылуы қажет. Оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап спортқа баулау маңызды. Бала кезден бастап адамның бойында спортқа деген құлшыныстың оянуы болашақта спортпен шұғылдануды жалғастырып, дені сау болуына кепіл бола алады. Оқушылардың оқу бағдарламасында спортқа көңіл аударылуы да маңызды. Футбол, волейбол, баскетбол, шаңғы секілді спорт түрлері оқушы бойындағы талай қасиеттерді дамытады. Оларды өмірге дайындап, түрлі қиындықтарға төтеп берулеріне көмектеседі. Адамның физикалық дайындығы білімді болуы секілді маңыздылыққа ие. Кез келген жағдайдан шешім табу үшін адамның бойындағы барлық қасиеттерімен қоса физикалық дайындығы да маңызды.

Қорытындылай келе, елбасымыздың салауатты өмір салты туралы айтқан сөздерін іске асыру үшін спортпен шұғылданып, денсаулыққа көңіл бөлу маңызды. Деніміз сау болу үшін салауатты өмір салтын ұстанайық!

Автор:
Нурлан Сейтказинов, «№2 орта мектеп» КММ дене шынықтыру пән мұғалімі, Талдықорған қаласы