7 апреля 2021, 06:50 | 783 просмотра
«Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады»
Д.И.Менделеев
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.
Ши тоқу – бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен таралған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған шиді қазірге дейін пайдаланып келеді.
Ши тоқу өнерінде бұйымның көлемі өзгергенімен тоқылу ерекшеліктері сақталады.Бүгінгі ши өнері тоқылу,орау технологиясы жағынан өте нәзік нақыштар мен сәндене түрленіп бояу түстерінің сан алуандығымен тартымды. Бұрынғы шиге салынатын өрнектер мүйіз өрнегі,шаршы өрнегі,таңдай немесе геометриялық сипаттағы өрнектер болса,қазір қолөнер шеберлері табиғат бейнесін,картиналар, аң-құс бейнесі сияқты көріністерді бейнелеуге тырысуда, қандай өрнек болса да шиге орау жолы, оралған шиді тоқу технологиясы сақталып отырды.
Халқымыздың өрнекті өнері арқылы икемділікті,шеберлікті арттыру.Ата кәсіппен айналысып,ұлтымыздың шеберлігімен алғырлығымен жете түсініп,қастерлеумен қатар топпен жұмыс істеп,ұйымшылдыққа, бауырмашылдыққа және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға үйренеміз.Әр ұлт өз халқының жастарының ұлттық намысын оята отырып, оларды бүгінгі күн талаптарына сай қолөнерді дамыта түсуі керек. 2005 жылдан бері осы ши тоқу өнерін зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Ұмыт бола бастаған халқымыздың ши тоқу өнерінің даму тарихын зерттей отырып, бүгінгі күн талабына сай ши өнерінің жаңа әдіс-тәсілдерін үйрету болып табылады. Зерттеу жұмысының жаңалығы ретінде ши тоқуға қажетті шикізаттармен құрал-жабдықтардың тың жаңа түрлерін қарастыру. Ши тоқу өнерінің технологиясында компьютер көмегімен бейнелеудің жобасын жасау (үлкейту, кішірейту, бояу түстерін таңдау, т.б) жұмысы, оқушының уақытын үнемді пайдалануына әсерін тигізеді. Жаңа қондырғыны пайдалану, алып жүруге ыңғайлылығы, уақытты үнемдеу, тоқу процесінің жеңіл және тез болуы.Оқушыларымны шығармашылық жұмыстары көптеген көрмелерде жүлделі орындар иеленді.
«Ел тірегі- Елбасы» атты республикалық рухани жаңғыру фестиваліне қатысып қол өнері бөлімі бойынша Алтын жүлде номинациясын және лауреат атағын 11 «Б» сынып оқушысы Зейнеханова Феруза жеңіп алды. /Ши жұмысы «Қарасай батыр» / Фестивальге шәкірт қатыстырып, қазақ өнері мен білімінің дамуына қосқан үлесі үшін технология пәні мұғалімі Л.Казеноваға үздік жетекші дипломы тапсырылды.
Республикалық педогогикалық ғылыми-әдістемелік «Өнер әлемі» журналына технология пәні мұғалімі Л.Казенованың «Қазақтың ұлттық сәндік- қолданбалы бұйымдары (ши тоқу,киіз басу)» атты мақаласы жарияланып, іш-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін «Алғыс хат» тапсырылды. Алматы қаласы РПҒӘ мерзімді баспалық басылымы «Білім әлемі» басшылығымен өткізілген «Бүгінгі таңдағы жаңа білім берудің мәселелері мен болашағы» атты конференцияда баспа бетінде үздік сабақ көрсеткені үшін диплом тапсырылды .
Облыстық Кіші Ғылыми Академиясының ғылыми жобасына «Ши тоқудың жаңа әдістері» жұмысымен 10 «Б» сынып оқушысы Зейнеханова Ғ қатысып, ІІІ-орынды иеленді. «СAMGA» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған ІІІ Республикалық «Самға» онлайн өнер байқауында қолөнер номинациясы /Ши жұмысы «Батырлар шайқасы» / бойынша талантымен ерекшеленген «БАС ЖҮЛДЕ» иегері Тұрарова Еркежан, екінші «БАС ЖҮЛДЕ» иегері /Ши жұмысы «Бесікке салу» / Ерғазы Аяла марапатталды. Дарынды да талантты шәкірт тәрбиелеп, халқымыздың мұрасын дамытудағы шығармашылық ізденістеріңізге алғыс айтып, көркем еңбек пәні мұғалімі Казенова Л «Үздік ұстаз» дипломы тапсырылды. ІІІ Республикалық «Самға» онлайн өнер байқауында мұғалімдер арасында қолөнер номинациясы /Ши жұмысы / бойынша талантымен ерекшеленген «ҮЗДІК БАС ЖҮЛДЕ» иегері көркем еңбек пәні мұғалімі Казенова Лила Рахметолдиновна марапатталды. «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзреттілігін дамыту» тақырыбында өткен Республикалық семинарға белсене қатысып өзара тәжірибе алмасқаны үшін көркем еңбек пәні мұғалімі Казенова Л.Р Алматы қаласы,Қазақстандық Қайта Даярлау және Біліктілікті Арттыру орталығының мадақтамасымен марапатталды.
«Абай –дана, Абай-дара қазақта» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан өтетін өнер байқауына 8 «Б» сынып оқушысы Авазханова Розананың ши тоқу өнерінен «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы» жұмысы қолөнер жанры бойынша І-орын Дипломымен марапатталды. Жетекшісі Л.Казеноваға «Құрмет грамотасы» тапсырылды.
Қазақ сәндік қолөнері –біздің ұлттық мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнері бұйымдарының сапасын арттыра беру аса қажет. Біздің мақсатымызда сапалы, жаңа, көркем туындылар жасайтын жас шеберлер тәрбиелеу.